Жарнама
Жаңалықтар

Жастар саябағы мен жаңа жағалау пайдалануға берілді

Атырау қаласының мерейтойына орай Жастар саябағы салтанатты түрде ашылды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен Студенттер даңғылы24 в үй аумағына дейінгі аралықты қамтитын демалыс паркі қаланың көркін айшықтай түсті.  

Аумағы 6,5 гектарды құрайтын саябақ алаңына жүгіру, велосипед жолы, жаяу жүргіншілер жолысалынған. Сондай-ақ, көлеңкелі конструкциялы жазғы мобильді кафелер, балалар мен ересектерге арналған алаңдар, спорт жабдықтары, аттракциондарсалынады. Бұдан басқа, құрылыс жұмысына жауапты мекеме  экстремалды спорт түріне арналған скейт-парк салуды жоспарлапты. Парктің мердігер компаниясы «БатысАльянсСтрой» серіктестігімен бұл жобалар алдағы уақытта жүзеге асады.

356e94bc a327 4431 83bc 97ebbf588d52

Сондай-ақ, бұл күні шаһардың Еуропа бөлігіндегі Бейбарыс көпірінен Жастар саябағына дейінгі Жайық жағалауы пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 1861 метрді, аумағы 7,86 гектарды құрайтын демалыс орны ерекше көркімен көпшілікті сүйсінтті. Жаңа демалыс орындарының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, жаңа нысандардың лентасын қиды.

Бұл жағалауда үш субұрқақ, «Атырау қаласының символы», «Шаңырақ» стела туындылары, бақылау алаңы, архитектуралық аркалар және сөрелер бар. Сондай-ақ, заманауи жабдықталған балалар алаңы, сауда орындары, пандустар, көлеңкелі шатырлар, отырғыштар, шамдар және қоқыс жәшіктеріорнатылған. Жүгіруге арналған жолақ жасалып,велосипед және жаяу жүргіншілер жолы, граниттенжолдар төселген. Саябақ аумағына теректер менбұталардың түр-түрі отырғызылып, газондармен де көгалдандырылыпты. 

9fcc2639 c3f6 4418 81cb 034e484a25af

Сонымен қатар, облыс әкімдігі ғимаратына қарсы беттегі екі пирс жөндеуден өткізіліп, бұрынғы субұрқақ қайта жаңартылды. Жайық жағалауында қала тұрғындары мен қонақтарына серуендеуге жайлы орта құру мақсатында қолға алынған бұл жұмыстың негізгі инвесторы –«NCOC» компаниясы. Ал, «КА — Строй ЛТД» ЖШС мердігер ретінде қызмет атқарды. Өз кезегінде атыраулықтар қала күні қарсаңында ұсынылған мұндай ерекше тартулар үшін дән ризаболып, паркті аралады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button