![Атырауда 4 жасөспірім мұз ойығына түсіп кеткен, біреуі қаза тапты 1 200105151831196e](https://atr.kz/wp-content/uploads/2020/01/200105151831196e.jpg)
Жаңалықтар
Атырауда 4 жасөспірім мұз ойығына түсіп кеткен, біреуі қаза тапты
Atr.kz/5 қаңтар, 2020 жыл. Атырауда төрт жасөспірім Жайық өзенінде мұз астына түсіп кетті. Бірі қаза тапты, деп хабарлайды «Қаз Ақпарат».
«Қайғылы оқиға 4 қаңтар күні кешкісін болған. Төрт жасөспірім қала шетіндегі Томарлы кенті маңайында өзеннің үстінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кетті. Үшеуі аман қалды. Суға батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр», — деді облыстық ТЖД баспасөз — қызметінен.