img 20190228 092006 580

Жастар орталығы қажет

Жаңалықтар Қоғам

Аtr.kz/15 маусым, 2020 жыл. Мұнайлы өңірдің белсенді жастары биыл жаңа бастамаларды қолға алмақшы. Оның ішінде салауатты өмір салтын ұстану, жанұя жарастығы мен шаңырақ шаттығын келтіру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмек көрсету және басқа да істер бар.

Еріктілер жылына орай мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды сезінудеміз.

Жастар саясатын дамытуға үлкен үлес қосып жүрген азаматтар да аз емес. Атырау қаласы мен оған қарасты ауыл тұрғындары да қоғамдық жұмыстардан тыс қалмайды. Осы орайда, енді ауыл жастары ортаға тартылса деген тілек бар. Сондықтан, облыс орталығынан шалғай жүріп, көпшілік және қолдау шараларынан қалыс қалғандар болса, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға келіп жолыққандары жөн. Ондағы мамандар бәріне бірдей жағдай жасап, мәселені оңтайлы шешуге жұмыстанады.

Жалпы, санақ көрсеткішіне көз жүгіртсек, аймақта 18-29 жас аралығында 100 мыңнан аса жас бар. Олармен жиырмаға жуық қоғамдық бірлестік тығыз жұмыс жасауда. Бұл қатар жылдан-жылға артып келеді. Ең бастысы, мемлекеттік бағдарламалар аясында баспана мен тұрақты жұмыс мәселесін шешіп алуға мүмкіндік мол.

Тағы бір мәселе, жастар са­райы ашылса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл нысан бүгінде жастар үшін ауадай қажет болып отыр. Міне, сонда бір орталық ішінде дарынды жас әнін де айтады, күйін де шертеді, бейнежазбасын да түсіреді, биін де билеп үйренеді. Сөйтіп, талантын танытқысы келетіндер Аста­на мен Алматы асып кетпей, бәрі де Атырауда қалады.

Нұрғиса АХМЕТҰЛЫ,

Жұмыскер ауылының тұрғыны

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған