Жарнама
Жаңалықтар

Жас сарбаздың жүрек жыры: Абайдың 180 жылдығына арнау

Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген Сұлтан Ерланұлы хакім Абайдың 180 жылдығына арналған әсерлі арнау өлеңін домбырамен орындап, ел ықыласына бөленді.

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген Сұлтан бала күнінен поэзия мен домбыра өнерін қатар меңгеріп келеді. Әскери қызметпен қатар шығармашылықты да серік еткен жас сарбаз биылғы айтулы мерейтойға арнау жазуды парыз санаған.

Арнау жырында ол Абайдың ұлтына қалдырған рухани мұрасын, сөз өнерінің асқақтығын және жас ұрпаққа берер өсиетін көркем бейнелеген.

– «Абай – қазақтың мәңгілік рухы. Оның сөзі мен ойы – әр буынға бағдаршам. Сол мұраны жүрегіммен сезініп, өз үніммен жеткізгім келді», – дейді Сұлтан Ерланұлы.

Әскери бөлім басшылығы да сарбаздың өнерге деген ынтасын жоғары бағалап, бұл туындыны мерейтойлық шаралар аясында көпшілікке ұсынды.

Сұлтанның айтуынша, ол Абай мұрасын жастарға жақындатуды мақсат етеді.

– «Ұлы ақынның шығармалары бізді әділдікке, білімге, адамдыққа тәрбиелейді. Бұл – әр қазақ білуге тиіс қазына», – дейді ол.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button