Баннер 9 мая от газеты Атырау

Атырауда I халықаралық бокс турнирі басталды

img 20240302 wa0063 Жаңалықтар

Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері және КСРО-ның бес дүркін чемпионы, Атырау облысының Құрметті азаматы Болат Теміровті еске алуға арналған ерлер арасындағы І халықаралық бокс турнирі басталды.

Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

– Бүгінгі турнирге қатысушылар, спорт жанкүйлері, баршаңыз Болат Теміров ағамыздың атына арналған І халықаралық бокс турниріне қош келдіңіздер! Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің атыннан барша спортшылрға сәттілік тілеймін. Болат Теміровті бәріміз бокстан Кеңес Одағының аты аңызға айналған майталманы ретінде білеміз. Ол осы өңірде туып, өмірін спортқа арнады. Үлкен дәрежелерге жетіп, қазақтың абыройын көтеріп, әлемдегі үлкен додаларда әрқашан 1 орындарға ие болды. Ал бүгінгі турнирге спортшылар өздерінің шеберлігін жоғарғы деңгейде көрсетеді деген үміттемін. Барша спортшыларымызға сәттілік тілеймін,- деді М.Мурзиев.

Аталған турнирде Қазақстанның барлық облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 133 боксшы бақ сынауда. Сондай-ақ, додаға қазақстандық әуесқой боксшы Ермахан Ибрайымов, әуесқой бокстан әлем чемпионы Болат Жұмаділов қонақ ретінде арнайы шақырылған.

Айта кетейік, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Атырау бокс федерацияның қолдауымен өтіп жатқан турнир 5 наурызға дейін жалғасады.

img 20240302 wa0063
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз