Жас қыз нәрестесін әжетханаға тастаған
Батыс Қазақстан облысында өзінің жаңа туған сәбиін өлтірген жас әйелге қатысты үкім шықты.
«Мой город» порталының мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға өткен жылы болған. Қыркүйек айында Қазталов ауданының 19 жастағы тұрғыны өзінің танысынан аяғы ауыр екенін біледі. Ол кезде жүктілік мерзімі шамамен алты айға жуықтаған.
Педагогикалық колледждің студенті баланың әкесіне жүктілігі туралы айтқанда, ол жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеген. Студент қыз ата-анасының қаһарынан қорқып, бұл жағдай туралы басқа ешкімге тіс жармады.
23 қарашада оның іші ауыра бастаған. Осы уақытта оның анасы дүкенге бару үшін сыртқа шығып кетті. Ал қалған туыстары өз бөлмелерінде болған.
Сотта жантүршігерлік жағдай анықталды. Жас қыз үйінде адамдар болған кезде ешкімге білдірмей, дәлізде босанды. Ұл бала дүниеге келді (жүктілік мерзімі – шамамен сегіз жарым ай). Ол есеңгіреген күйде баланың кіндігін қайшымен кесіп, жаңа туған сәбиді целлофан пакетке салып, аузын буып, жеке үйдің сарайында орналасқан даладағы дәретханаға тастаған. Одан соң едендегі қанды жуып-шайып, өзі де жуынып, төсегіне жатып қалған.
Дүкеннен келгеннен кейін бойжеткеннің анасы қызының мазасыз екенін байқап, күйеуімен бірге ауруханаға алып барған. Медицина мекемесінде осы жағдайдың беті ашылған.
Бірақ, бұл уақытта пакеттегі шақалақ тұншығып, көз жұмған еді.
Ол қылмыстық кодекстің 100-бабы («Жаңа туған баланы анасының өлтіруі») бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.