Көлік жүргізу құқығы жоқ атыраулық жол апатын жасады

img 20220221 wa0020 Жаңалықтар

Көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра мас күйде көлік басқарып, жол-көлік оқиғасын  жасаған
25 жастағы жүргізуші анықталды.

20 ақпан күні сағат 23:30 шамасында Атырау-Индер тас жолы 19 шақырым тұсында 1997 ж.т., азамат басқаруындағы маркасы “Лада Приора” автокөлігімен қарама-қарсы келе жатқан 1989 ж.т.,  азаматтың басқаруындағы “Лада Ларгус” автокөлігіне соқтығыс жасаған. 

Полиция қызметкерлері тексеру кезінде “Лада Приора” маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісінің көлік басқару құқығы жоқ екендігін анықтады.

Одан басқа, медициналық сараптаманың қорытындысымен оның орта дәрежелі мас күйде екендігі анықталды. Соқтығыс салдарынан екі автокөліктің ішінде болған жеті жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Айта кетейік, ақпан айының 19-21 күндері аралығында яғни, демалыс күндері патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарған 5 жүргізушіні анықтады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз