Жас дарындар анықталды
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Келешек Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас дарын» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Бұл сыйлық ең талантты, жоғары кәсіби деңгейде қызмет еткен жандарға арналды.
Алғашқы сөз кезегі облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Асхат Апуовқа берілді. Ол шараның басты мақсатына тоқталды.
Сонымен, «Үздік жастар ұйымы» номинациясының сыйлығы «Жүректен жүрекке» қоғамдық ұйымына табыс етілсе, «Үздік жас денсаулық сақтау қызметкері» атағын Қуаныш Испергенов, «Үздік жас ғалым» атағын Ержан Нуриденов жеңіп алды. «Ең үздік жас әскери қызметкерге» Дәуренбек Шокпытов, «Үздік жас спортшы» Кристина Телятова, «Үздік жас ерікті» Лунара Рысбай, «Үздік жас талант» Арайлым Молдашева, «Үздік жастар комитеті» Фиркрофт компаниясы, «Үздік жас журналист» атағына Индира Мұқашева лайық деп танылды. Сондай-ақ, «Үздік жас мұғалім» номинациясында Абай Қасымов жеңімпаз атанды.
Гүлдана Жамбозова