«Жас батырдағы» балақайлар өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысты (+ФОТО)
«Жас батыр» балабақшасында өрт қауіпсіздігінің ережелері ойын түрінде көрсетілді. Осы орайда, бүгін мұнда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді.
Балғындарға төтенше жағдай орын алған кезде қалай қимылдау қажеттігі қарапайым жолмен түсіндірілді. Өйткені, күрделі заңнамалық мәліметтерді игеру олар үшін қиын. «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, меңгерілген білімнің болашақта олардың өмірін құтқаратыны сөзсіз. Бұдан бөлек, аталған департамент мамандары балалармен викториналық ойындар ойнап, кішігірім байқаулар ұйымдастырды. Сондай-ақ, балабақша тәрбиеленушілері «От – дос, от – жау» тақырыбында шағын көрініс қойды. Сол секілді, түрлі спорттық және эстафеталық шаралар да өтті. Бүлдіршіндер өрт сөндірушілердің кимін киіп, техникалық құралдарды қолдануды үйренді.
Э.Ғұмарова,
Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері,
азаматтық қорғаныс майоры.