Заңсыз балық аулаған Атырау облысының 4 тұрғыны ұсталды

52a9c02babae4fe481c18ffc43a183a0 Жаңалықтар

Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай ауылында «Ямаха-70» аспалы қозғалтқышы бар «Будара» шағын көлемді жүзу құралымен Жанбай ауылының 4 тұрғыны ұсталды.

Олардың 2023 жылғы 11 мамырда сағат 15:55-те «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу шеңберінде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауында рейдтік іс-шара жүргізу барысында ұсталғаны да нақтыланады.

«Тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 278 келі сазан балығы және  5 дана синтетикалық моножіптен жасалған ау құралдары анықталды. Аталаған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркеліп, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», делінген ресми хабарламада. 

Экология министрлігінің мәліметінше, балық ресурстарына келтірілген залал көлемі алдын ала есеп бойынша 3 740 490 теңгені құрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз