Жарнама
Жаңалықтар

Жарық бағасы өсті

1-қарашадан бастап өңірде жарық бағасына өзгеріс енгізілді. Енді тұрғындар электр энергиясы үшін орташа тарифпен қосымша құн салығынсыз 1 кВт/сағ үшін 25,14 теңгеден төлейді.

Яғни, қосымша құн салығынсыз жеке тұлғаларға – 10,56 теңге, заңды тұлғаларға 33,65 теңге болып бекітілді. Ал, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер үшін тариф 46,61 теңгені құрап отыр. Бұл туралы «Атырау Энергосату» ЖШС-нің өкілдері хабарлады. Жалпы, қараша айынан бастап жаңа тарифтің енгізілетіндігі туралы газетімізде бұған дейін де хабарлағанбыз. Аталған серіктестік басшысы қоғамдық тыңдау барысында бағаның өсімінің басты себептерін де атап өткен еді. Мамандардың айтуынша, электр энергиясын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру немесе өңдеу үшін пайдаланатын тұтынушылар, сондай-ақ, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК үшін тариф 24,52 теңге болып бекітілген.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button