Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Жарықтан тарықпаймыз

Қысқа әзірлік қалай?

Көзді ашып-жұмғанша жылыту маусымы да келіп жетті.  Сондықтан, қысқа дайындық мәселесі, соның ішінде, электр желілерінің салқынға төзімділігі, көпқабатты үйлердің құбырларын жуып-шаю және гидравликалық қысымының тексеруден өтуі  барлық тұрғындарды алаңдататыны  анық. 

%d0%b6%d0%b0%d1%80%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b%d2%9b%d0%bf%d0%b0%d0%b9%d0%bc%d1%8b%d0%b7

Қуат  СИСЕНҒАЛИЕВ,

«Атырау Жарық»  АҚ  Атырау қалалық  электр  жүйелері

мекемесінің  басшысы:

— Қаламыз жыл сайын өсуде. Сондықтан, «Атырау Жарық» АҚ Атырау қалалық электр жүйелері тарапынан, кестеге сәйкес, электр қондырғыларын қайтадан жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы жылы электр қондырғыларына көктемгі-күзгі тексеру жұмыстары  атқарылды.

Атап айтсақ, сыртқы беткейлері тазартылып, шығу параметрлері мен релелік қорғаныстары, май көрсеткіші, өртке қарсы құралдардың жарамдылығы тексеріледі. Сонымен қатар, кабельдердің жағдайы, желілер қосылған жерлерде қызудың болмауына және тағы басқа жайттарға мән берілді.

Мәселен, облыс орталығындағы Абай, Б.Момышұлы, Махамбет көшелеріндегі тұрғын үйлерді электр энергиясымен жабдықтайтын 6/0,4 кВт кернеудегі №22/1, Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназия ғимараты мен Свердлов, Жансүгіров, Нәжімеденов, Досмұхамедов, Молдағұлова, Байтұрсынов,  Садовая, Баймұқанов, Горький, Жамбыл, Махамбет және тағы басқа  көшелердегі тұрғын үйлерді электр энергиясымен жабдықтайтын қуаты жоғарырақ күштік трансформаторлық стансалар жаңартылды. Сондай-ақ, трансформаторлық бөлімше ғимараты бұзылып, қайтадан  салынды.

Тұтынатын қуаттың өсуіне орай ағымдағы жылы қолданыстағы АС-35 маркалы 0,4 кВт кернеудегі әуе электр желісінің сымдары заманауи оқшауланған түрлеріне ауыстырылды және ара қашықтығы 18,1 шақырымды құрайтын 10/6/0,4 кВт кернеудегі  кабельді құрылғылар күрделі жөндеуден өтті. Айта кетсем, жаңа сымдар электр энергиясының сапасын жақсартады.

Егер демалыс күндері электр желісіне қатысты апатты жағдай орын алса, тәулік бойы қызмет көрсететін 99-42-67 және 32-36-36 телефондарына қоңырау шалуға болады. Қоңырау түскеннен кейін арнайы топ үйге барып, алғашқы көмекті көрсетеді.

Рафхат  ЖОЛДИЕВ,

Атырау  қалалық  тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы,

жолаушылар  көлігі  және автокөлік  жолдары бөлімнің  бас  маманы:

— Атырау қаласында 975 көпқабатты үй бар. Оларды және мектеп, балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау мамыр айынан басталып кетті. Атап айтсақ, жылу желілері гидравликалық сынақтан  өткізіліп, жүйелерге, қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазан айының 3-інен бастап мектеп, балабақшаларға жылу беріле бастады. Ал, көп қабатты үйлерге қазанның 15-інен бастап жылу берілді. Яғни, Атырау қаласы жылу маусымына толықтай дайын.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button