Енді қазақстандықтардың төлқұжатында саусақ ізі болады

623d8d218d8cf414524883 Жаңалықтар

ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматының паспортын, жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстанда тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы жаңа қағидаларын әзірледі.

Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:

1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

2) туған күнін, айын, жылын және жерін;

3) жынысын;

4) қай ұлтқа жататынын – осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;

5) азаматтығын;

6) фотосуретін;

7) құжатты берген органның атауын;

8) құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;

9) құжаттар иесінің қолын;

10) жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда);

11) он алты жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Заңымен белгіленген жағдайларда он екі жастан бастап он алты жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздерін қамтиды.

Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжатталатын (он төрт жасқа толған) адамдардың тұрақты тіркелгенін растауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы алады.

Шетелдіктің Қазақстанда тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін құжаттандырылатын адам тұрақты тіркелген жердегі уәкілетті мемлекеттік орган береді.

Жол жүру құжатын құжаттандырылатын адам есепке алынған жердегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатты алуға өтінім берілген күннен бастап он жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және ол иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етіледі.

Қазақстан азаматының паспорты, жеке куәлігі ресімделген күннен бастап жеделдетілген тәртіппен Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – бір жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында – үш жұмыс күніне дейін, облыстардың аудандары мен қалаларында – жеті жұмыс күніне дейін беріледі.

Қазақстан азаматтарының қалауы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттар да жеделдетілген тәртіппен ресімделген күнінен бастап үш жұмыс күніне дейін (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында) және бес жұмыс күніне дейін (облыс орталықтарында) беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.

ХҚТ ТП арқылы немесе формуляр бланкінде жеке басты куәландыратын құжатты ресімдеген кезде уәкілетті органның қызметкері Қазақстан заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қазақстан азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуден өткізеді.

Қазақстан азаматының паспортын уәкілетті мемлекеттік орган ХҚТ ТП пайдалана отырып, сондай-ақ бланкілердің формулярларында ресімдейді. Қазақстанның мына азаматтарына:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;

2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;

3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;

5) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;

6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;

7) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;

8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;

9) шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталатындарға, қамауға алынатындарға, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеушілерге Қазақстан азаматының паспорты Қазақстанның шетелдік мекемелері арқылы ресімделеді.

9. ҚР азаматының паспортын толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан заңдарында және Қазақстан Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.

10. ҚР азаматының паспорты қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады.

11. ҚР азаматының паспорты Қазақстан азаматтарына жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.

12. ҚР азаматының паспорты қолданылу мерзімі он жылға беріледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз