Саумалдың сан мың қасиеті

15052200362533 Жаңалықтар

Atr.kz/21 тамыз, 2020 жыл. Елге келген үлкен сынақ денсаулық саласына ғана емес, өзге салаларға да өзгеріс әкелді. Осы күнге дейін фудкорт, мейрамхана, донерстан жағалаған халық жаппай бие байлап, түйе сауатын орындарды іздеп кетті. Сұраныстың жоғары болғаны соншалықты, таң алакеуімен кезекке тұрғандар, ауруханадағы сырқатқа бір литрлік құтыны толтыра алмай зыр жүгірген сауыншының бейнесі мен тұтынушылардың қаланың о шетінен бұ шетіне келіп, қақпадан кері кеткені көз алдымызда. Дертке шипа болған саумал туралы кеңірек білу мақсатында Жұлдыз ықшамауданының іргесіндегі саумал орталығына бет бұрдық.

Сусынға сұраныс артуда

А т ш а п т ы р ы м а у м а қ т ы иеленген алаңда сауын биелер мен мінуге арналған аттар, саумал берілетін шағын вагон тұр. Карантиннің талабына сай бетперде мен қолғап кию туралы ескерту және саумал уақыты мен бағасы жазылған. Мұндағы саумалдың 1 литрі – 1300 теңге, қымыздың құны – 1400 теңге. Ал, 45 минут мініс аттарымен бой жазып, шауып қайтамын десеңіз 2000 теңге жеткілікті. Бұрыннан да нарықтағы баға осындай болғандықтан, аса қ ы м б а т ш ы л ы қ т ы б а й қ а й қоймадық.

Сауынның уақытымен тұспа- тұс барсақ керек, жігіттер бие байлап, сауып жатыр екен. Саумал ішуге келген жергілікті тұрғындарды да осы жерден кездестірдік. Бірі – асқазан ж а р а с ы н а е м ү ш і н і ш с е, бірі иммунитетті нығайту мақсатында сатып алуға келіпті.

Адал кәсіп абыройға жеткізер

Ш а р у а ш ы л ы қ и е с і – Сесигюзел Әли деген Түркиядан келген қандасымыз екен. Ол 2004 жылы тарихи Отанына қайта оралыпты.

  • – Қай қазақ та жылқы десе делебесі қозады. Менің де қылқұйрықты жануарға деген сүйіспеншілігім атакәсіпті и г е р у і м е с е б е п ш і б о л д ы . Өзім өскен Түркияның Измир қаласында бұл салада шаруасын дөңгелентіп отырған қазақтар бар. Әрі халықтан үлкен сұраныс болғандықтан, саумал, қымыз кәсібі өте жақсы дамыған. Арнайы бөтелкелерге құйылып, үй-үйге жеткізіледі. Атырауда осы іспен айналысқаныма төрт жыл болды. Дегенмен, оның проблемасы да аз емес. Қалада болғандықтан малды қыс бойы қолда ұстаймыз. Ал, жем-шөбі қымбат. Сол себепті, шығыны да жетерлік. Жылқы басын да көбейтуге осындай мәселелер қолбайлау болып отыр, – деді кәсіп иесі.

Ө з г е қ ы м ы з с а т а т ы н нүктелерге өнім дайын күйінде келеді. Себебі, байлаудағы с а у ы н н ы ң с ү т і с а у м а л д а н артылмайды. Ал, бұл жердің ерекшелігі, қымызды да өздері дайындайды. Яғни, сырттан келетін өнімнің сапасына көз жетпегендіктен, ақша тапсам болды деген түсініктен де алшақ жүреді екен. Жаны қалаған кәсіпке деген адалдық осы болса керек.

Баламасы жоқ бал қымыз

Саумал, қымыздың пайдасын халық індет асқынған кезде жете түсінді. Сұраныс та артты. Келушілермен тілдескенімізде, с а у м а л і ш к е н ж а н д а р д ы ң 2 5 п а й ы з ы п н е в м о н и я д а н жазылғанын білдік. Қазақтармен қатар, ғылымы мықты дамыған елдерде қымыздың қасиетін ж а қ с ы б і л е д і . М ә с е л е н , Н.П.Постников деген химик 1858 жылы Самарада қымызбен емдейтін аурухана ашқан. Тіпті, Англия мен Калифорнияда да осындай орталықтар бар.

О р ы с ж а з у ш ы с ы С.Т.Аксаковтың бір жазбасында: «О рын бор ай н аласын дағ ы көшпелі халықтың қақаған аязда далада мал бағып жүргенін көргенде аямау мүмкін емес. Бірақ, үш айдан кейін сол кісілердің беттеріне қан жүгіріп, домаланып шыға келгенін көргенде қымыздың қасиетіне таңқаласың. Олардың бесіктегі баласынан тоқсандағы шалына дейін қымыз ішеді» делінген.

Саумалдың құрамына келсек, ондағы секер сүт қышқылы а л к о г о л ь ж ә н е к а р б о н ғ а бөлінеді. Бұлар ас қорыту жүйесі мен бездердің жақсы жұмыс жасауына септігін тигізеді де, адамның тәбеті ашылады. Ал, қымыздың қышқылы денені улаған микробтармен күресіп, артық зиянды заттардан (шлак, токсин) тазартады. Саумал м е н қ ы м ы з і ш е к к е с і ң і п кететіндіктен, өте тез емдейді және қорытылуға қосымша күш жұмсалмағандықтан денені әлсіретпейді. Ем кезінде күніне 2-5 литр ішкен дұрыс.

  • – А ғ ы л ш ы н ғ а л ы м ы , д ә р і г е р Д ж о р д ж К а р р и к қ ы м ы з д ы ң а с қ а з а н н ы ң ж ұ м ы с ы н ж а қ с а р т а т ы н ы н дәлелдеп көрсеткен. Мұндай м ы с а л д а р к ө п – а қ . Ж а л п ы айтқанда, шаршау мен тәбеттің болмауынан бастап, қаназдық, гастрит, бронхит, туберкулез, бүйрек, ас қорыту, тыныс алу жүйелері, жүрек-қан тамыр аурулары мен обыр дертіне бірден-бір ем. Сондықтан да әр қазақтың дастарханында қымыз тұруы керек, – дейді орталықтың басшысы Сесигюзел Әли.

Таңдау таза өнімге түседі

Бүгінгі таңдағы сұраныстың артқаны мен қазақтың ұлттық тағамынан ажырап қалғанын а л а я қ т а р д а п а й д а л а н ы п қалып жатыр. Кейбір қымыз б е н ш ұ б а т т ы ң т а б и ғ и қалпын ажырата алмайтын қ а л а л ы қ т а р д ы ң т а п с ы р ы с берген өніміне су немесе айран қосып сататын жағдайлар жиі кездеседі.

Таза саумал мен қымыз сол қала маңындағы шаруашылық кешенінен сатылып кетуде. Оған да қолы ұзын, көлігі бар жандар қатынап отыр. Ал, арнайы құтыға құйылып, патенттелген өнімдер көрші елден келуде. Сондайда жергілікті өнімнің қолжетімсіздігіне қапаланасың.

Ә л и қ а н д а с ы м ы з б ұ л о л қ ы л ы қ т ы ң д а о р н ы н толтыруды ойластырып жүр екен. Алдағы үш жылда осы қазіргі тәжірибесі мен қаржысын ұштастыра отырып, бөтелкеге құйылған арнайы қымыздарды сатылымға шығармақшы.

P.S:

Қанша адам болса, сонша пікір, түсінік болуы заңдылық. Бірі, осындай орындардың жеткіліксіздігін айтып мұң шақса, бірі өнімнің қымбаттығына сын тақты. Саумалдың көмегімен көп адам ауруынан айықса, оны естіп біз де риза болдық. Десек те, өнім өзімізден шыққанымен, өзіндік мәселелері де бар екенін ұмытпайық!

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

 Сіз не дейсіз?

Гүлжан КАРИНА,

Көктем ықшамауданының тұрғыны:

  • – Осыдан үш жыл бұрын ағам «жаман» ауруға шалдығып, тиісті емін алғаннан кейін жағдайы нашарлап қалды. Өзінің ерік-жігерінің мықтылығы мен осы саумалдың арқасында бүгінгі таңда аман-есен ортамызда отыр. Саумалды күніне үш рет, оған қоса қымыз бен шұбатты үзбей ішіп, аяққа тұрды. Жас та, кәрі де жаппай ауырған кешегі қатерлі індет кезінен де жеңіл өтті.

Айша ҚЫДЫРОВА,

Ақсай селосының тұрғыны:

  • – Коронавирустың бірінші толқынында қатты сырқаттанғанда қала шетіндегі саумал орталығынан күнделікті саумал ішіп, ешқандай антибиотиксіз жазылып шықтым. Саумалдың бағасы көтерілді деп байбалам салып, сын айту дұрыс емес деп ойлаймын. Мал шаруашылығымен айналысып, өнімін алу, дайындау, сату, одан шығыныңды ақтайтындай пайда табу оңай дүние емес. Әрине, оның жай-жапсарын мал баққан адам ғана түсінеді. Өз бағасынан он есе қымбатсыған антибиотик дәрілермен салыстырғанда, мен үшін саумалдың құны да, құндылығы да зор болды.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз