Жарты жылда – 351 айыппұл

1613111620 4847142f4478c2df758a4a330a1ef00f Жаңалықтар

Коронавирус инфекциясының жедел таралуына байланысты облыста 64 мобильді топ құрылғаны белгілі. Олар карантиндік шаралардың сақталуына мониторинг жүргізіп отырады. Топ құрамында ішкі істер департаменті мен «Атамекен» ҰКП қызметкерлері, аумақтық әкімдіктердің өкілдері бар.

Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарына арналған рейдтер, күн сайын карантиндік шаралардың бұзылуына жол бермеу үшін сан алуан профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен алынған мәліметке сүйенсек, биыл 1 қаңтар мен 11 шілде аралығында мобильді топ 10384 рейдтік тексеру өткізген. Ол 42538 нысанды қамтыған. О бл ы с б о й ы н ш а м о н и то р и н г т і к то п 4 9 1 қ ұ қ ы қ б ұ зу ш ы л ы қ т ы анықтап, сол бойынша материалдар дайындады. Дәлелді дәйектер бойынша шағын және орта бизнес нысандары мен жеке тұлғаларға республика Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425/1 бабына сәйкес 351 айыппұл салынды.

Лиза ШАЙХАШҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз