Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Жарсуат ауылындағы сиырлар неден өлгені белгілі болды…

Атырау облыстық ​ мал дәрігерлік​ зертханасына жіберілген сараптама нәтижесінде сиырлардың өлімі шамадан тыс жуа жеу салдарынан орын алғаны анықталды.

«Индер аудандық ветеринариялық инспекциясы және ветеринариялық стансасының мамандары​ өлген малдарды​ ережеге сәйкес сойып, тексерген кезде ірі қара малдардың шамадан тыс мөлшерде жуа жеп, күпті болуына байланысты, ас қорыту жолдарының қызметі нашарлағанын және осы жағдайдың соңы өлімге әкеліп соққанын анықтап, қорытындылады.
Зертханалық сараптау нәтижесі жануарлардың ішкі құрылысында нитрат, нитрит және алколоидтің қалыпты жағдайда екенін анықтады»
дейді Индер аудандық әкімінің​ орынбасары Салауат Өтеғұлов.

Қазіргі таңда Индер аудандық әкімдігі егістік алқабындағы өнімін уақытылы жинамағынына байланысты, ​ жеке кәсіпкерге әкімшілік шара қолдану туралы аудандық прокуратура және облыстық жердің қорғалуы мен пайдалануын бақылау басқармасына хат жолдады. Сонымен қатар, ​ мал иелері келтірілген шығынды өндіру үшін​ сот органдарына шағымдана алады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Индер ауданы, Жарсуат ауылында Қурайлы сай каналы,​ Айдын учаскесіндегі егістік алқабында​ он үш мүйізді ірі қараның өлімі тіркелген болатын.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button