Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдері қаншаға бағаланды?
Қала əкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен сенбі күні Атырау шағын ауданындағы «Аламан» базарында алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге Атырау қаласынан, Жылыой, Исатай аудандарынан барлығы 42 шаруа қожалығы мен жергілікті тауар өндіруші қатысты. Қала тұрғындары мен қонақтарына нарық бағасынан төмен бəспен сүт, көкөніс, ет, жұмыртқа, балық және т.б. өнімдер ұсынылды.
Бұл күні барлығы 9 тн картоп, 2 тн сәбіз, 5 тн пияз, 1тн қырыққабат, 1,5 тн ет, 334 кг балық, 500 кг қияр, 500 кг қызанақ,
295 литр сүт, 450 кг тауық еті, 18 кг шұжық, 10800 дана жұмыртқа сатылды.
Айта кету керек, өңірдегі күрделі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жарияланған Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптары мен енгізілген карантиндік шектеулердің қатаң сақталуын қамтамасыз етуге баса назар аударылды.
Осы мақсатта жәрмеңке өткізілген базар аумағы толығымен қоршалып, əлеуметтік ара қашықтықтың, басқа да санитарлық нормалардың орындалуына көңіл бөлініп, жіті қадағаланды. Бұл жөнінде жəрмеңкеге қатысушы кəсіпкерлік субъектілеріне жазбаша нұсқау беріліп, ескертілді.
Дәулетқали АРУЕВ