Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жансель жеңіске жетті

26–29 қазан аралығында Сербия астанасы Белград қаласында таэквондодан халықаралық турнир өтті. Онда ел намысын қорғаған атыраулық Жансель Дениз жеңімпаз атанды.

44998629_2297249433828768_9180211446640803840_n

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Іріктеу кезеңдерінде ол Испания және Сербия елінің спортшыларын ұтты. Жартылай сында франциялық қарсыласы Меллиер Маева болды. Тартысты кездесуде жерлесіміз 4:2 есебімен басым түсті. Ал, финалда тағы бір француз Солене Абоулетені 5:3 есебімен жеңді.

– Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Әрбір спортшы олимпиадалық рейтингтегі ұпайын көбейту үшін келгені хақ. Мен төрт спортшымен кездесіп, барлығын да жеңдім. Осы жолы 73 келіде бақ сынаған едім. Қарсыластарым маған қарағанда ірі денелі. Десе де, жылдамдықтың арқасында көп ұпай жинадым. Алтынмен қоса, рейтингте он ұпай еншілегенімді де айта кету керек. Маған жанкүйер болған баршаңызға алғысым зор, — дейді жерлесіміз.

Айта кетейік, осы турнирден соң Жансель 108 ұпаймен әлемдік рейтингте 25-ші орынға табан тіреп отыр.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button