
ЖаңалықтарҚоғам
Жанармай құю стансасының маңында автобус өртенді (ВИДЕО)
Атырау облысында жанармай құю стансасының маңында автобус жанып кетті. Өртеніп жатқан автобустың видеосы Фейсбуктегі zello_atyrau парақшасында жарияланған.
«Оқыс оқиға Исатай ауданының Аққыстау ауылында болған. «ПАЗ» маркалы автобус түгі қалмай жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші кабинадан шығып үлгерген. Өртті сөндіруге 8 адам және екі техника жұмылдырылды»,-деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, автобус жеке тұлғаға тиісті болған.
Айқара Ғұмар
Видео Facebook-тегі zello_atyrau парақшасынан алынған