Атырауда алты мыңнан астам бала инклюзивті білімге мұқтаж

777 Білім

Atr.kz/23 тамыз, 2019 жыл. Алған білім де, оны қашан да жүйелі қолдана білу де маңызды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ мұғалімдерінің облыстық форумында баса айтты.

– Бүгінде білім беру саласына ерекше ден қойылуда. Өйткені, қай заманда да білімсіз алға жылу мүмкін емес. Бұл ретте аймақта аталған салаға 2,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бірқатар білім ордаларының бой көтеруіне мән берілуде,- деді Нұрлан Асқарұлы.

Сондай-ақ,аймақ басшысы өз сөзінде ерекше балалардың білім алуына жағдай жасау қажеттігіне де тоқталды.

– Облыста 700 оқушы инклюзивті түрде білім алады. Алты мыңнан аса бала әлі де осындай білім беруді қажет етеді. Оларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары жалғаса беруі тиіс, – деді Нұрлан Асқарұлы.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз