
Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алуға 23 мыңнан астам турист келді
23 мыңнан астам турист жаңа жылды Қазақстанда қарсы алды, деп хабарлайды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
EQonaq ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметі бойынша елімізде жаңа жыл мерекесін атап өтуге 23 мыңнан астам турист келген.
Бұл — 2022 жылғы 26 желтоқсан мен 2023 жылдың 4 қаңтары аралығын қамтитын есеп.
Туристердің жартысына жуығы (9 мың) Алматыға және 5,1 мыңы Астанаға келді.
«Бір қызығы, жаңа жылды қарсы алуға келгендер таңдаған ТОП-5 өңірдің ішінде Ақтөбе, Павлодар және СҚО бар. Яғни, суық өңірлер», — дейді ұлттық компаниядан.
Сондай-ақ, хабарламада Қазақстанға саяхаттаушылардың дені Ресейден келгені (15 мың адам) айтылған.
Одан бөлек, Өзбекстан, Үндістан, ҚХР, Түркия, Германия және Ұлыбританиядан келген меймандар бар.