Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда ер азамат қоқыс жәшігінен сәби табылғаны туралы жалған ақпарат таратты

Атырау қаласында Махамбет көшесі маңындағы қоқыс жәшігінен кішкентай бала табылғаны туралы ватсап желісінде жалған ақпарат тарады.

Біз дереу облыстық полиция департаментіне хабарластық.

«Бұл – жалған хабарлама. Аталған дерек бойынша тиісті шаралар алынатын болады. Ал, әзірге нақты ештеңе айта алмаймын» деді департаменттегі баспасөз қызметінің басшысы Мейірім Ердәулет.

Айта кетейік, бір күн ішінде біраз адамға тарап үлгерген хабарламаға сәбидің суреті жалғанған. Артынша осы ақпаратты таратқан ер адам оған мұндай мәліметті оның үйіндегі адамдар қалжың ретінде жібергенін жеткізді.

Енді істің анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button