Жаңа жылда әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?
Atr.kz/5 қаңтар, 2020 жыл. Иә, көпшілік жаңа жылда жақсылыққа үмітті.
Оған себеп те жоқ емес. Өтіп бара жатқан жылдың ортаңғы айларынан басталған әлеуметтік саладағы жаңғыртулар мен жаңалықтар, өзгерістер Тышқанда да жалғасатыны айтыла бастады.
Сонымен… «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес елімізде қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар көлемі өседі. Әлеуметтік салада атқарылған жұмысты қорытындылаған Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев Үкімет зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану туралы ұсынысты әзірлегенін, енді оның Президент қарауына жіберілетінін баяндады. Айтуынша, қорда 10 триллион теңгедей қаражат бар екен. Ал, салымшылардың саны – 9 миллионнан астам. Орта есеппен бар қаржыны салымшыларға шаққанда 1 миллион теңгеден айналады.
«Ал, бұл зейнетке шыққанда жақсы өмір сүру үшін жеткіліксіз. Оған кем дегенде 10 миллион теңге қажет. Біз енді оның бәрін есептедік. Мемлекет басшысы қалай шешім қабылдайды, сосын біз оны жүзеге асырамыз. Барлығына есеп бар, әрбір қазақстандықтарға», — дейді Бердібек Сапарбаев. Түсінгеніміз, тиісті қаражатты жинай алғандар ғана керек ақшаны шешіп ала алады.
ЖӘРДЕМАҚЫ ДА ӨСЕДІ!
Бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақы көбейеді. Тарқатайық, бірінші, екінші және үшінші балаға – 100 776 теңгеге дейін, төртіншісі үшін 167 076 теңгеге дейін төленеді. Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі баланы күтуге ай сайын бірінші балаға – 15 276 теңге, екінші балаға – 18 061 теңге, үшінші балаға – 20 819 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға 23 603 теңге көлемінде жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, «Ал — тын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан төленеді, оның мөлшері 16 973 теңгені құрайды. Желтоқсан айының ортасында Сенат «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласындағы м і н д е т т і ә л е у м е т т і к с а қ т а н д ы р у , ә л е у м е т т і к қ а м с ы з д а н д ы р у ж ә н е мемлекеттік-жеке серіктестік м ә с е л е л е р і б о й ы н ш а өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қабылдаған еді. Бірінші Заңда еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айы рылу бойынша әлеуметтік т ө л е м д е р д і т а ғ а й ы н д а у кезінде пайдаланыла тын параметрлерді өзгерту көзделген. Бұл төлемді орташа есеппен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, б ұ р ы н 1 0 0 м ы ң т е ң г е мөлшерінде орташа айлық табысы және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан астам болған жұмысынан айырылған адам үшін төлем сомасы 30 000 теңгеден 41 600 теңгеге дейін өседі.
Екінші Заң төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі о қ у б ө л і м і н д е о қ и т ы н студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізуді қарастырады. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады. Яғни, 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге.
Айта кетейік, төлемдер отбасының кірісіне байланысты болмайды. Барлық к ө п б а л а л ы о т б а с ы л а р ғ а берілетін жәрдемақы: асыраушысы жоқ отбасылардың әлеуметтік қауіпсіздігін арттыру мақсатында әлеуметтік төлемдер мөлшері көбейеді, бірақ, отбасындағы жан басы коэффициенттерін өзгерту арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік көмек көрсету б а р ы с ы н д а жағдайы төмен отбасылары н а н ш ы қ қ а н балаларға, оның ішінде 1-6 жас а р а л ы ғ ы н д а азық-түлік пен гигиеналық затт а р , 6 — 1 8 ж а с а р а л ы ғ ы н д а мектепте ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп формасы, одан бөлек ж о л ш ы ғ ы н д а р ы н ө т е у көзделген. Медициналық, с т о м а т о л о г и я л ы қ к ө м е к 18 жасқа дейінгі балаларға м і н д е т т і ә л е у м е т т і к медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмек негізінде көрсетіледі.
МҮГЕДЕКТЕР МҰҢЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Мүгедек баланы кәмелеттік жасқа дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қорғаншысына тағайындалған және төленетін жәрдемақы мөлшері қаңтардан бастап 43 657 теңге болмақ. Осындай мөлшерде бала кезінен бірінші топтағы мүгедек баланы күту бойынша жәрдемақы төленеді.
К е л е с і ж ы л д а н б а с т а п еңбекке қабілетсіз немесе жұмысынан айырылған қ а з а қ с т а н д ы қ т а р ғ а төленетін жәрдемақы 30%- ға өседі. Сондай-ақ асыраушысынан айырылғандар үшін де төлемдер көбейеді. Жәрдемақыларға 30% қоспас бұрын оларды индекстейді, яғни, инфляция деңгейін есепке алып көтереді. Бұл шамамен келесі жылы 5%-ға артады деген сөз. Т ы ш қ а н ж ы л ы н д а мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері е ң т ө м е н г і к ү н к ө р і с деңгейінің өзгеруіне байланысты 5%-ға арттырылатын болады. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері к ү н к ө р і с д е ң г е й і н і ң мөлшеріне, мүгедектіктің тобы мен себебіне, асыраушысынан айырылған жағдайда асырауындағы адамдар санына және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты.
Мысалға, келесі жыл — дан бастап жалпы аурудан мүгедектікке берілетін м е м л е к е т т і к ә л е у м е т т і к жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты 32 431 теңгеден 59 872 теңгеге дейін өседі деп күтілуде.
Ал, асыраушысынан айрылғандарға б е р і л е т і н ж ә р д е м а қ ы асырауындағы адамдар санына байланысты 26 818 теңгеден 65 797 теңгеге дейін болады. Сонымен бірге, жетім балаларға әрқайсысы үшін 36 796 теңгеден беріледі, бірақ, отбасының барлық мүгедек мүшелері үшін 79 829 теңгеден аспайды екен. Жаңа жылдың жақсылығы мұнымен шектелмейді, көп балалы және табысы аз отбасыларға шағын несие беру қолжетімді болады деп күтілуде. «Eңбек» бағдарламасының аясында да кәсіпкерлер өз бизнесі үшін тиімді несие ала алады. Несие мерзімі 7 жылға дейін ұзартылып, жылдық мөлшерлемесі 4%-ға дейін төмендетіледі.
Рита ӨТЕУҒАЛИ