Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Жаңа жыл қарсаңында Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы оқушының тілегін орындады (+Видео)

Жаңа жыл мерекесіне орай «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8 «Б» сынып оқушысы Нұрасыл Талғатов Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығымен бір күнін өткізді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Оқушының әуелгі тілегі — ТЖД қызметкері болу еді. Ол қызметкер емес, бірден басшы болып көрді. Басшы рөліндегі күнін Департамент бастығының орынбасары подполковник Шариев Руслан Исмагилұлымен танысудан бастады.

Әуелі Нұрасыл Департаменттің дағдарыс жағдайлары басқармасының тыныс тіршілігімен танысты. Кейін Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына келіп түскен шақыртулардың қалай қабылданатынын, радиотелефоншылардың жедел әрекетін көрді. 

Нұрасыл қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, құтқарушылардың қызметіне қызыға қарады. Департамент басшылығының қабылдауында болып, маңызды ақпараттарды алды. 

Департамент бастығының орынбасары подполковник Р. Шариев Нұрасылды өрт сөндірушілердің тыныс тіршілігімен таныстыру мақсатында, №13 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне алып барды. Өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасап, өрт сөндіру техникаларымен, мұражаймен танысып, шартты түскен шақыртуға өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуін, «Өзін-өзі құтқару» техникасын тамашалады.

Абыройлы қызметке қызығушылығын одан әрі арттырған – Жедел-құтқару жасағымен танысуы болды. Мұнда ол құтқарушылардың жол талғамайтын автокөліктерін, құтқару құрал-жабдықтарын, қайықтарды көрді. Жедел-құтқару жасағының құтқарушы иттері Гром мен Оллиді көрген Нұрасыл шынайы қуанышын жасырмады. Құтқарушы иттердің ерекше қабілеттерін көрген оқушы, оларға таңдана қарап мәз болды.

Осылайша Нұрасыл өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қиын да қызықты қызметінің бір күнімен танысып шықты. 

— Мен бүгін Департамент бастығының орынбасары подполковник Р. Шариевпен бірге өткізген күніміз үшін алғысымды білдіремін. Бүгін өрт сөндірушілер мен құтқарушылармен таныстым, жұмыстары өте ауыр екенін түсіндім. Менің тілегімді орындап, ерекше көңіл күй сыйлағандарыңыз үшін ризамын, — деп алғысын білдірді Н. Талғатов. 

Н. Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button