Атырауда түрмеге телефон тасымақ болғандар ұсталды

izobrazhenie 2020 11 17 101540 Жаңалықтар

Белгілі болғанындай, жабық аймаққа телефон жеткізбек болғандар бұрын сотталғандар болып шықты.

Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, оқиға УГ – 157/9 түзету колониясы маңында болған. Бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққандар түрмедегілерге шарбақ арқылы ұялы телефондарды лақтырып, жеткізбек болған.

«Құқық бұзушылар қаланың орталық көшелерінің бірінде қолға түсті. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетелік, түзету колониясы аумағы толықтай заманауи видео бақылау жүйесімен жабдықталған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз