ЖАҢА ЖОБА: Жылыойлық жастар қамкөңіл жандарға баспана сыйлайды!

whatsapp image 2020 04 02 at 21.30.49 13 Жаңалықтар

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында бір топ еріктілер игілікті  іс атқаруда. 

Олар құлсарылық  Бақтыгүл Сейтқалиеваға жайлы үй  салып беруді қолға алған.   Бүгінде ерікті жастар  мүмкіндігі шектеулі жанның ескі  үйін сүріп,  жаңа  баспананың бастапқы құрылысына кіріскен.  Ұйымдастырушылар игілікті істің алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтады.

–    Орын алған төтенше жағдайға қарамастан қол ұшын созып,  қолдау  білдірген баршаңызға алғысымыз шексіз екенін жеткіземіз. Жасап жатқан жұмыстарыңыз сауапты болсын! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші өздеріңіз білетіндей, қазіргі кезде бір шаңырақты көтеру үшін   қорда жиналған 3 млн. теңге қаржы жеткіліксіз болады. Сондықтан,  тағы да көмек сұрай отырып, бәріңізді Бақытгүл анамыз бен балаларына үй салып беру үшін игі істі бірге атқаруға шақырамыз. Біз біргеміз,  – дейді бейне үндеу жолдаған, қайырымдылық жұмысты ұйымдастырушы Диас Ибатаев. 

Айта кетейік,  ерікті жастардың Instagram  әлеуметтік желісінде @zhylyoi_qairymdylyq аталатын  парақшасы бар.  Кез-келген тұрғын сол парақшаға тіркеліп, көрсетілген анықтамалар бойынша қайырымдылық шараларына үлес қоса алады.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 04 02 at 21.30.49 2
whatsapp image 2020 04 02 at 21.30.49 1
whatsapp image 2020 04 02 at 21.30.49
http://atr.kz/bez-rubriki/ұlttyқ-biryңғaj-testileudiң-uaқyty-kejinge-shegerile-me/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз