Жаңа заңның жаңалығы қандай?
Аtr.kz/5 маусым, 2020 жыл. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған хабарламаға сай, «Заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Заң 2020 жылғы 26 мамырда жарияланды, сәйкесінше 2020 жылғы 6 маусымда күшіне енеді».
Мәліметке сай, 2020 жылғы 6 маусымға дейін «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы өз күшінде қалады. Осыған байланысты бейбіт жиналыстар туралы хабарламалар мен келісуді алу туралы өтініштерді жолдау «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңы күшіне енгеннен кейін мүмкін болады.
Аталған құжаттың қолданысқа енетін күні таяу. Осы ретте жаңа заң және жаңа талаптар – «Мінбердің» бүгінгі басты тақырыбы.
Сайын ҚУАНЫШЕВ,
облыстық мәслихат депутаты:
1.
Бұл тұста біз бір м ә с е л е н і а й қ ы н д а п алуымыз керек. Халық а р а с ы н д а ғ ы т е р і с ұғымға сай, митингке шыққандардың мақсаты – бірігіп, билікке қарсы пікір айту. Бұл – қате түсінік. Өйткені, басқосулардың мақсаты да, бағыты да, көздегені де сан алуан. Жаңа заң осы бағытта нақты түсінік беріп, ақ- қарасын ажыратты. Ал, ең бастысы – заң мен тәртіпті сақтау.
1995 жылы қабылданған з аңмен са лыстыра р болсақ, жаңа құжат көптеген басымдыққа ие. Бұл билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты демократияландыруға көмектеседі. Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға себепші болмақ. Ендігі ж е р д е ж и ы н д а р д ы ұйымдастырушылар мен қатысушылардың, жергілікті атқарушы орындар арасындағы ж а у а п к е р ш і л і к т е ң бөлінген. Ал, бастысы, азаматтарға бейбіт, қарусыз жиналып, көзқарастарын білдіруіне конституциялық құқық беріліп отыр. Сол секілді, митинг өткізуге рұқсат беруді ескерту тәртібімен алмастыру – демократияға қарай жасалған қадам. Өйткені, әлі күнге дейін көптеген дамыған елдерде рұқсат беру тәртібі қолданылады.
Басымдықтың тағы бірі – аталған заңның а ш ы қ т а л қ ы л а у д а н өтуі. Азаматтық қоғам өкілдерінің, құқық қорғау саласы мамандары мен сарапшылар тезінен өткен соң, құжат Парламент қабырғасында көптеген өзгерістерге ұшырады.
2.
Қазір ең маңыздысы – заңның қолданысқа еніп, тәжірибеде жүзеге асуы. Бұл ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заң ережелерін өңірдегі жергілікті билікке түсіндіру бағытындағы жұмыстарын жүргізеді. Министрлік пәрменімен жергілікті а т қ а р у ш ы о р ы н д а р құжаттың ережелері мен ондағы жаңалықтарды саралайды.
3 .
Заң бойынша бұл орындарды анықтауға үш ай уақыт берілген. Заңға Президент қол қойды. Таяу күндерде күшіне енеді. Содан кейінгі кезекте жергілікті мәслихаттар бейбіт жиын өткізуге арналған орынды жұртшылықпен бірге талқылап анықтайды. Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, заңнамаға сәйкес, барлық ұсыныстар міндетті түрде нормативті-құқықтық актілердің ашық порталына салынады. Содан кейін халықпен келісіледі. Бұл ретте Қоғамдық кеңестердің де қосатын үлесі елеулі болады.
Өмірбек БЕКЕЖАН,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы:
1 .
« Қ а з а қ с т а н Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң соңғы кезде елімізде ең көп пікірталас тудырған құжаттардың бірі және оның бекітілгеніне қарамастан әлі де кереғар көзқарастар баршылық екенін ескерген жөн. Бұрынғы заңмен салыстырғанда өзгерістер ретінде: өтініш орнына хабарлама беру, үш күннің ішінде атқарушы биліктен жауап болмаса шараны өткізе беру мүмкіндігі , үштен кем емес арнайы орындар белгілену сияқты өзгерістер бар. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы орынның, жиналысты ұйымдастырушының, журналистердің құқығы мен міндеттері біршама к ө р с е т і л г е н . Ә р и н е , бұл заңның іс жүзінде қаншалықты объективтілігін уақыт көрсетеді.
2.
Атқарушы билік бейбіт жиналысты өткізуге заңда көрсетілген нақты тәртіптің аясында олардың өтуін қамтамасыз етуге барынша жағдай жасауы керек. Билік орындарының ондай жағдайға қаншалықты дайын екендігін жаңа заң талаптары бойынша өткізілетін жиналыстар көрсетеді деп ойлаймын. Бұл заң да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» т ұ ж ы р ы м д а м а с ы н ы ң аясында жүзеге асырылып жатқан шаралардың бірі екенін естен шығармаған жөн. Демек, бұл жергілікті орын үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың бір тетігі болып табылады.
3.
Заңда айтылған үштен кем емес деген талапқа қарайтын болсақ, ондай орындар көп болуы керек. Шынайы демократиялық елдердегідей әртүрлі талаптармен немесе қоғамдық пікір білдіру түрінде бір уақытта бірнеше жиналыстар (шеру, пикет және т.б) болуы мүмкіндігін ескерген жөн. Енді нақты ұсынысқа келетін болсақ, қаламыздың әр жерінде заңдағы талаптарға сәйкес келетін жерлер баршылық, бірақ, олардың бәрі бірдей орталықта емес. Сондықтан, Исатай-Махамбет алаңын, облыстық драма театр алдын, Жеңіс паркін ұсынар едім.