Махамбет ауданының тұрғыны 39 жыл құжатсыз жүрген

screenshot 4 1 Жаңалықтар

Махамбетте 39 жыл құжатсыз жүрген тұрғын ҚР жаңа жеке куәлігімен құжаттандырылды, деп хабарлайды аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Махамбет ауданы Таңдай ауылының 1964 жылы туған тұрғыны ескі үлгідегі құжатымен құжаттанып, ҚР жеке куәлігіне ауыстырылмаған. Аталған тұлға 2022 жылы Таңдай ауылына шаруа қожалығына еңбек ету үшін келген. 39 жыл ескі құжатпен өмір сүріп келген тұрғын аудандық ауруханаға денсаулығына байланысты ем алуы кезінде құжаттармен бірқатар қиындықтар туындаған.

Осы орайда, Таңдай дәрігерлік емханасының фельдшері Саягүл Жұбатова құжаттарын жинақтау үшін өз тарапынан көмек көрсетеді. Махамбет аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметі тобының инспекторлары жұмыс барысында жедел әрекет етіп, 59 жастағы тұрғынның жеке басын анықтай отырып, жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу арқылы жеке куәлігін дайындап, табыстады.

Жаңа құжат иеленген тұрғын көмек берген таңдайлықтарға және Көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция майоры Н.Ташекеноваға аз уақыт ішінде жедел әрекет етіп, құжаттарын рәсімдеп бергені үшін ыстық лебізін айтып, өз ризашылығын білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз