Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа туынды!

Мұнайлы мекеннің шығармашылық  әлемі «Жайық толқынында» деректі фильмімен толықты. Бүгін ғана кинопремьерасы  өткен туындыда Атыраудың шығармашылық өмірі мен жаңа өнер толқынының қала тұрмысына әсері баяндалады. 

Фильмді Орталық Азияның Еуразия қорының қолдауымен атыраулық «КILEN creativ hub»  шығармашылық қауымдастығы түсірді. Айта кетелік, идея авторы және продюсері Нұрсұлтан Зиядаев.Түсірілім және монтаж жұмыстарына 1 жыл уақыт жұмсалған деректі фильмнің сценарийін Мөлдір Каримова мен Равиль Ашығали жазған. Оператор – режиссері Абзал Батырғали.​

Шығармашылық әлемнің көпшілік біле бермейтін қыр-сырын кеңінен ашуға бағытталған фильм «Шеврон» компаниясының,  «Орталық Азияның Еуразия қорының» қолдауымен «JasSpace: Атырау жастарын дамыту бастамасы» аясында жарыққа шықты.

screenshot 44

​ «Осыдан біраз уақыт бұрын Атыраудағы шығармашылықпен айналысатын өнер жастары туралы фильм түсіру туралы идея пайда болған еді. Фильм арқылы бойындағы талантымен көпшілікті таңдандырып жүрген жастарды насихаттағым келді. Бірақ, бізде қаражат болмады. Ойымды Орталық Азияның Еуразия Қоры қолдады. Осылайша, фильм түсіру ісін бастап кеттік.​

Фильм арқылы шығармашылықпен айналысудың өзіндік артықшылықтарын ​ көрсеткім келді» дейді идея авторы, продюсер, KILEN creative Hub шығармашылық ұйымының ұйымдастырушыларының бірі Нұрсұлтан Зиядаев.​

Нұрсұлтан деректі фильмнің шығармашыл жастарға белгілі бір деңгейде мотивация беретіндігіне сенімді. ​

«Шыны керек, көп адам шығармашылықты дамыта бермейді. Әрі кетсе белгілі бір жұмыстар инстаграм парақшасына салынады. Одан кейін адам шаршайды, өзін дамытуды тоқтатады. ​ Немесе Алматы, Астанаға кетіп қалады. Шын мәнінде, шығармашылықпен айналысу үшін ірі қалада жүру шарт емес. Алақандай Атырауда жүріп те көп нәрсе жасауға болады. Фильмде үндемей жүріп көп іс тындырған осындай жастарды көрсетуге тырыстық» дейді ​ Нұрсұлтан Зиядаев.​

screenshot 45

Atyrau music community, Shenber garage sale, Kilen creative Hub, Ait gallerу, Qalam production, Jeltoksan шығармашылық орталарының өнер жолы, тәжірибелері көрсетілетін фильм 56 минуттан тұрады.

Рита Жайғалиқызы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button