Басқармада – жаңа басшы

WhatsApp Image 2018 10 08 at 17.53.22 Жаңалықтар

Кеше Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт  басқармасының басшылығына Ринат Ибрагимов  тағайындалды. Бұған дейін Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне жетекшілік жасаған басшыны облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті активке таныстырды.

WhatsApp Image 2018-10-08 at 17.53.22

Ринат Ибрагимов 1986 жылы Атырау облысында туған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтап, дене шынықтыру бойынша педагог мамандығын алған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Атырау облыстық  №1 балалар-жасөсіпірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде дзюдо күресінен жаттықтырушы-мұғалім қызметінен бастаған. 2013-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінде дзюдодан оқытушы-жаттықтырушы, әдіскер-нұсқаушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін «Барыс» балалар – жасөсіпірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының директоры, «Атырау спорттың су түрлері бойынша клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры лауазымында болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз