Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа құрам – жаңарған көзқарас

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, азаматтардың пікірін ескеру, сондай-ақ мемлекеттік органдар шешімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының биыл 17 сәуірдегі №3 хаттамасына сәйкес кеңестің 30 мүшесі бар. Оның 25-і – азаматтық қоғам өкілдері, ал 5-уі – мемлекеттік орган өкілдері.

Заңға сәйкес, кеңестің үш жылдық өкілеттігі бар. Ал бір адам екі реттен артық қоғамдық кеңеске мүше бола алмайды. Бұл талап кеңес құрамының жаңарып, түрлі сала өкілдерінің белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамына саяси партиялар, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар, білім, мәдениет және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері, ардагерлер мен волонтерлер кірді. Мемлекеттік органдар тарапынан ішкі саясат, білім, экономика және қаржы салаларының өкілдері қамтылды.

Алғашқы мәжілісте Кеңес мүшелерінің ұсынысы және қолдауымен Қоғамдық кеңестің төрағалығына Беркқали Сәрсенғалиев сайланды.
Кеңес жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында төрт бағыт бойынша – экономика және өңірлік даму, әлеуметтік және мәдени даму, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және экология, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары құрылды.

Бұл құрылым кеңестің жұмысын жүйелі үйлестіруге, нақты салалар бойынша ұсыныстар дайындауға және азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңестің жұмысын ұйымдастыру қолданыстағы заңнама негізінде Атырау облыстық мәслихатының аппаратына жүктелген.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суретті түсірен Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button