«Birgemiz. Bilim»: Қорытынды форум

spikery2 Жаңалықтар

Жастар қызметкерлері қоғамдастығы Волонтер жылы аясында Атырау облысында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты волонтерлікті ынталандыру және ауылдық жерлердегі орта білім беру мектептердің жоғары сынып оқушыларына волонтер-тьютерлердің білім беру қызметтерін ұсынуына жәрдем көрсету арқылы халықтың азаматтық белсенділігін арттыру болып табылады.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қараша айына дейін волонтер-тьютерлер ауылдық орта білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушыларына, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына Ұлттық бірыңғай тестілеуге, олимпиадаларға және ғылыми-зияткерлік конкурстарға дайындық, ағылшын тілін үйрену, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша онлайн курстар өткізді. Жобаға білім беру ұйымдарының мұғалімдері, жоғары оқу орындарының, колледждердің педагогикалық мамандықтарының студенттері және белсенді азаматтар қатарынан жүзден астам волонтер қатысты. Атырау облысының ауылдық орта білім беру мектептерінің мыңнан астам оқушысы оқытудан өтті.

Волонтерлік жобаны іске асыру бойынша қорытынды шара ретінде Жастар қызметкерлері қауымдастығы 2020 жылдың қараша айының 9-10 күндері Атырау облысының оқушылары үшін жалпы білім беру бағдарламасы бойынша онлайн Олимпиада және Қорытынды форум өткізді.

Форум барысында Жастар қызметкерлері қоғамдастығы Волонтер жылы және «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы аясында Атырау облысының оқушылары арасындағы онлайн олимпиада қатысушылары мен жүлдегерлерін марапаттады. Олимпиада қатысушыларға сертификаттар, жүлделі мадақтама мен естелік сыйлықтар табысталды.


Марапаттау барысында Жастар қызметкерлері қоғамдастығының кеңес төрағасы – Нұрлыбай Наурызбаев, Атырау облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері – Адилова Айсұлу Мағзұмқызы және Атырау облысындағы «Birgemiz: Bilim» жобасының экперттік кеңесінің мүшесі Дүйсекенова Злиха Қадырбайқызы құттықтау үшін сөз берілді. Форум модераторлары Жастар қызметкерлері қоғамдастығының мүшелері Айдар Хамит және Арайлым Қайырбаева болды.

Сондай-ақ, онлайн шараға мастер-класс өткізуге жастарға қызықты спикерлер шақырылды. Олардың қатарында Атырау облысының ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталық басшысы – Әмина Жәрдемқызы, «Birgemiz: Bilim» жобасының волонтері және тренер – Алтынгүл Атабаева, Қарағанды облысындағы «Birgemiz: Bilim» жобасының жетекшісі, волонтер – Дәурен Рахымбек және Атырау жастарын дамыту бастамасы (ТШО және Британ кеңесі жобасы) жетекшісі – Арсен Камбалов волонтерларға арналған мүмкіндіктер, маңызды және пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Форум соңында «Birgemiz: Bilim» жобасын жүзеге асыруға ат салысқан барлық қатысушыларға алғыс білдірді және Алғыс хаттар табысталды.

Естеріңізге сала кетсек, «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылды.

screenshot 2
spikery2 1
screenshot 1123456578
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз