Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа портал уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді

Атырауда табиғи монополия қызметтері цифрландыру аясында жаңа деңгейге көтерілді. Қала тұрғындары үшін бірнеше коммуналдық қызметті онлайн алу мүмкіндігі қарастырылып, қызмет көрсету процесі жеңілдетілуде.

Атырау облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Аман Сұлтановтың айтуынша, 2024 жылдың 13 ақпанынан бастап «Атырау қалалық қызметтер порталы» (https://onaykyzmet.kz/) тәжірибелік режимде іске қосылған. Бұл портал табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін автоматтандырып, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта сайт арқылы 7 табиғи монополия субъектісінің 25 түрлі қызметіне өтінім беру мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, бұл тізімге «Атыраугазинвест» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «АтырауЭнергосату» ЖШС, «Спецавтобаза» ЖШС және «Транстелеком» АҚ кіреді.

«Бір терезе» қағидаты тұрғындарға әр ұйымға жеке бармай-ақ, барлық қажетті шарттарды портал арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді. Аман Сұлтановтың мәліметінше, осы күнге дейін жаңа жүйе арқылы 548 өтініш қабылданған.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button