Атырауда 9 метрлік «тірі» шырша пайда болды (+ВИДЕО)

izobrazhenie 2020 12 21 172556 Жаңалықтар

Жаңа жылдық шырша облыс орталығындағы Махамбет атындағы академиялық драма театрының маңында пайда болды. Оны орнатуға қазынадан қаражат бөлінбегенін айта кеткен жөн.

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиевадан білгеніміздей, бұл демеушілердің қала тұрғындарына тартқан сыйлығы екен. Шырша Германиядан әкелінген.

https://youtu.be/ioaA8yxZdJM

Шаһар әкімдігі шыршаның орнын, яғни топырағы мен минералды құнарлы заттарын және басқа да қажеттіліктерін алдын ала дайындап қойған. Бұл шырша одан әрі жерге сіңісіп кетуі үшін барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, Исатай-Махамбет алаңына 15 метрлік жасанды шырша қойылмақ. Бұдан басқа, қаланың екі жеріне бұрынғы жылдары пайдаланылған шыршалар мен сәндік бұйымдарды орнату жоспарланып отыр. Ал, жаңа заттардың бәрі де тек демеушілер есебінен алынып отыр.  

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

izobrazhenie 2020 12 21 171436
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз