«Maqat tynysy» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

1 14 Жаңалықтар

«Мақат тынысы» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды.

Мақат аудандық «Maqat tynysy» қоғамдық-саяси​ газетіне жаңа басшы тағайындалды. Бас редактор қызметіне Ізтұрғанова Мөлдір Серікқызы кірісті.
Жаңа басшыны ұжымға «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры Ысқақ Егембердиев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.​


Жергілікті басылым М.Серікқызына бұрыннан бөтен емес. Ол мектеп қабырғасынан-ақ редакциямен тығыз байланыс орнатып, студент кезінінен жұмысқа араласты.
Мөлдір Ізтұрғанова 1996 жылы туған. Білімі – жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін 2018 жылы журналистика мамандығы бойынша бітірген.


2016-2020 жылы Мақат аудандық «Maqat tynysy» газетінің тілшісі, 2019-2020 жылы Атырау облыстық «Atyray’» телеарнасының меншікті тілшісі, 2020 жылдың қазан айынан бастап Атырау облыстық «Caspian news» телеарнасының меншікті тілшісі, 2020 жылдың қаңтар айынан Мақат аудандық «Maqat tynysy»​ ​ газетінің бас редактордың орынбасары, жауапты-хатшы болып қызмет атқарды.

Мақат аудандық газетінің бұрынғы бас редакторы Гүлзада Саликова басқа қызметке ауысуына байланысты, өз өтінішімен қызметтен кетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз