Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Жаңа кестеге сай жұмыс күні қысқарады

Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, Агенттіктің пилоттық режимдегі жұмысының жаңа графигі енгізілді.

Қазіргі уақытта Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінде жұмыс күні таңертең сағат 8.30-да басталады және сағат 17.30-да аяқталады. 

«Көптеген еуропалық елдерде кеңселер таңғы сағат 7.00 — 8.00-де ашылады. Қызметкерлер үйлеріне Ұлыбританиядай сағат 17.00-де, ал Швейцариядағы сияқты сағат 16.00-де қайтады. Мемлекеттік қызметшілердің түскі асына небәрі жарты сағат бөлінеді. Біздегі түскі ас уақытындағы үзіліс бір жарым сағатты құраған болатын. Қазіргі таңда Агенттіктің шешіміне сәйкес, түскі ас уақытына бір сағат берілді», —  деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осылайша, агенттік түскі үзілістің қысқартылуымен және жұмысқа шығатын уақытты жарты сағатқа шегере отырып, 8 сағаттық график сақталады. Әзірге мұндай режим Агенттікте ғана енгізілуде.

Дереккөз: «ATPress.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button