Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Жаңа кәріз-тазарту кешені қашан іске қосылады? (+ФОТО)

Atr.kz/21 мамыр, 2019 жыл. Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы тыңғылықты жүргізілуде.

Жаңа КТК-нің қолданысқа берілуі облыс орталығының сол жағалауындағы кәріз қорын тазалау мәселесін шешеді, ол ағымдағы жылдың соңына жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылыстың мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, сол жағалау дренаждарының үзіліссіз кетуін қамтамасыз ету.

Мердігер мәлімдегендей, қазіргі уақытта булану алаңдарын, тазартылмаған ағынды суларды, тұнба алаңдарын, биореакторды, қосымша тұндыру цистерналары мен технологиялық процестің басқа да объектілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Негізгі ағын сорғы станциясы технологиялық жабдықтарды орнатуға дайын.

WhatsApp Image 2019 05 21 at 15.50.39

— Қаладағы тұрмыстық ағын-су бірнеше кезеңмен тазартылады. КТК-не кіретін ағындар техникалық деңгейде өңделеді және техникалық қажеттіліктер үшін пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, тазартылған су өнім бермейтін дақылдарды суаруға жарамды, ал суармалы жерлерде зарарсыздандырылған органоминералды препаратты тыңайтқыш ретінде қолдануға болады,- деп хабарлады «Павлодар өзен порты» АҚ жоба менеджері Асылбек Анарбаев.

Қаланың сол жағалауы үшін ағынды суларды тазарту қондырғысы қаланың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Кешеннің құрамына кәріздік канализация алаңы, ағынды суларды тазарту қондырғылары, биологиялық тоғандар мен булану алаңдары, сондай-ақ ,тазартылған және өңделмеген ағын суларды тазарту, қолданыстағы сорғы станцияларын қосу кіреді.

WhatsApp Image 2019 05 21 at 15.50.40 1

— Нысан қуаттылығы тәулігіне 70 000 куб метр ағынды құрайды. Аталған жоба 100 000 куб метрге дейін кеңейтуге жоспарланған. Нысанды сынақ мерзімде іске қосу 6 ай көлеміне есептеліп, ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған, — дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов.

Айта кетейік, жобаның бас мердігері «Павлодар өзен порты» АҚ. Бұрын, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Атырау Су Арнасы» басшысына құрылыс жұмыстарына белсене қатысу жөнінде тапсырма берген болатын. Кейін бұл нысан аталған коммуналдық мекеме қарамағына берілетін болады.

Айта кету керек, жаңа КТК іске қосылғаннан кейін, жылдар бойы қала тұрғындарының наразылығын тудырған қолданыстағы «Тухлая балка» жабылады. Ағынды сулар ағыны булану алаңдарына енгенге дейін жаңа КТК-нің көмегімен жер асты суларын, топырақты және атмосфералық ауаны тазартудың толық циклінен өтеді.

WhatsApp Image 2019 05 21 at 15.50.40
WhatsApp Image 2019 05 21 at 15.50.40 2

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button