СҮЙІНШІ! Атыраулық жастарға жұмыс бар…

4 Жаңалықтар

Атырауда жастарды еңбекпен қамтуға арналған арнайы жоба іске қосылды.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Алғашқы жұмыс орны» жобасы өткен жылы іске қосылған» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жоба аясында қазіргі таңда 51 жас тәжірибе жинақтап жатыр.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ерекше атап өтерлігі, жұмыс беруші аталмыш жобаға қатысушыны 24 айға тұрақты қызметпен қамтуға міндетті. Үміткердің бірінші жылының еңбекақысын жергілікті жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Үміткердің айлық еңбекақысы жиырма айлық есептік көрсеткіш болады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмыс іздеп жүрген түлектерді еңбекпен қамтуға арналған. Басты талап – үміткер жиырма тоғыз жастан аспаған болуы керек. Жоба  жастардың тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Еске сала кетелік, 2021 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз