Жаңалықтар
ЖАН-ДҮНИЕҢ ЖАБЫРҚАСА…
Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ашылған орталықта психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, сондай-ақ, заңгер-кеңесші қызмет көрсетеді.
– «Дағдарыс орталығы әлеуметтік әлсіз топтан шыққандарға, психофизикалық жәбір көргендерге, толық емес жанұяда, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленген балаларға өз қызметін ұсынады. Олардың қатарында жас отбасылар да бар. Орталыққа хабарласқан жастар үшін кеңесті ұйымдастыру және өткізу бойынша психологиялық-педагогикалық жұмыстар, жеке кеңес беру және тестілеу, тренингтік тақырыптық сабақтар ұйымдастырылады», – дейді «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұлықбек Тінәлиев.
Мәлік МӘЛІКҚЫЗЫ.