«Атырау-Ақпараттың» Құрманғазы ауданындағы этно-мəдени шарасы өз мəресіне жетті (ФОТО)

ANU 1665 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау мақсатында Құрманғазы ауданында өткен «Туған жер» этно-мәдени шарасы қорытындыланды.

ANU_1665

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі облыс көлемінде ұйымдастырып отырған «Туған жер» этно-мәдени шарасын бүгін киелі Құрманғазы топырағынан өз бастауын алған болатын.

Атап айтқанда, бірлігі бекем, мерейі үстем шығармашылық ұжымның Құрманғазы ауданындағы сапары таңертең көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Мақаш Шолтырұлы Бекмұхамбетовтың зиратына мінәжат етуден басталды. Медиасеріктестіктің этно-мәдени шаралары, сондай-ақ, түске дейін және түстен кейін аудандық мекемелерде, орта мектептерде де кеңінен ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, облыстық басылымдарда еңбек ететін өңірімізге танымал фототілшілер Ерлан Алтыбаев, Әнуар Әбілғазиев және Максим Стадниченконың туған жер тақырыбындағы фотокөрмесі аудан жұртшылығына ұсынылды. Сонымен қатар, медиасеріктестік ұсынатын баспа өнімдерінің заманауи үлгілерін тамашалуға мүмкіндік туды.

Мерей өсірген марапат

Қорытынды кеште медиасеріктестік директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы облыстық және аудандық басылымдарға көрсеткен жан-жақты қолдауы үшін ауыл әкімдерін марапаттады. Олардың қатарында Еңбекші ауылдық округінің әкімі Хамат Ғаббасов, Бірлік ауылдық округінің әкімі Бауыржан Ақпанов, Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Ақылбек Алдамжаров, Асан ауылдық округінің әкімі Гүлім Қабдрашитова, Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі Оралбай Әзимовтар бар.

ANU_1306

Келесі кезекте, облыстық және аудандық басылымдарға көрсеткен жан-жақты қолдауы үшін сахна төріне жеке кәсіпкерлер Серік Баязитов, «Төбеаралойл» ЖШС директоры Нұрлыбек Хамитов, Гауһар Болатбаева шақырылып, оларға медиасеріктестіктің Алғыс хаты мен 100 мың теңгелік сертификатын табысталды. Сондай-ақ, аудандық агро-техникалық колледж директоры Болатбек Өтегенов белсенділік танытқан Энгельс атындағы орта мектептің директоры Сабыржан Жұпарғалиев, Абай атындағы орта мектептің директоры Нәйля Хасанова, Сүйіндік орта мектебінің директоры Жарқын Темеев, аудандық пошта торабының баспасөзге жазылуға байланысты операторы Светлана Белова, аудандық пошта торабының хат тасушысы Гүлжан Сұлтанова, аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрерұлы мен орынбасары Қанат Ғұмаровқа алғыс білдірді.

ANU_1342

Тілшілер қатары толықты

Газет болған соң, оның оқырманы, белсенді авторлары болатыны сөзсіз. Шара барысында Нұрлан Достанұлы облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» және Құрманғазы аудандық «Серпер» газеттерінің сапалы әрі мазмұнды шығуына сүбелі үлес қосып, басылым бетінде өзіндік ойларымен бөлісіп келе жатқан авторларға аталған басылымдардың штаттан тыс тілшісі куәліктерін табыс етті. Олардың қатарында Өмірзақ Қажымғалиев ағамыздан бастап, Орынғали Құмарғалиев, Нариманбек Шолтыров, Софья Мырзағалиева, Елеусін Ибрагимов, Тахмина Өтемұратовалар бар. Ал, Нәсіп Хисметоллақызы аудандық редакциямен үзбей байланыс жасап, өлеңдері мен мақалаларын ұсынып жүрген оқушылар – Ақерке Амангелдиева, Аяулым Аманқызы, Гүлфайруз Есенболатова, Ерасыл Есенгелдіұлына аудандық «Серпер» газетінің жас тілшісі» куәлігін табыстап, қатарға қабылдады.

ANU_1463

«Ғажайып өлке»

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы алғаш жарияланған күннен бастап қоғамда қызу талқыланып жатқаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысының мәдени мұраларымызды әспеттеп, рухани байлығымызды жаңғыртуға арналған осы мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі мектеп оқушылары арасында «Ғажайып өлке» атты шығармалар байқауын ұйымдастырған болатын. Байқау ережесіне сәйкес, әр ауданнан өзі өмір сүріп жатқан туған өлкесінің бүгінгі келбеті туралы жазған шығармасы үздік деп танылған 4 оқушы қараша айының басында Атырау қаласында өтетін облыстық жас тілшілердің фестиваліне жолдама алды.

ANU_1551

Бұл күні байқауға келіп түскен 40-қа жуық шығармалардың арасынан үздік танылғандарының авторлары арнайы марапатталды. Жас дарындардың жетекшілері – Абай атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Маржан Мирасова, Н.Манаев мектебінің ұстазы Нүрия Шайхиева, Әбу Сәрсенбаев атындағы мектептің мұғалімі Роза Төлемісовалар да марапатқа ие болды. Ал, байқауды ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан Құрманғазы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Гүлфара Өтемісқызы «Құрмет грамотасын» иеленді.

ANU_1612

ANU_1656

Спорттан да сынға түсті

Осыған дейін «Туған жер» этно-мәдени шарасы аясында мини-футболдан «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің Кубогі үшін барлық аудандарда іріктеу кезеңі өткен болатын. Бұл кезең Құрманғазы ауданында да ерекше белсенділікпен ұйымдастырылды. Осы ретте, Бақытжан Хамитұлы іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған аудан әкімдігі командасының капитаны Ернар Рақметқалиұлына облыстық турнирге жолдаманы салтанатты түрде тапсырды.

ANU_1409

Осынау сәтті пайдаланып, аудан әкімінің орынбасары Өркен Сержанұлы, аудандық мәслихат хатшысы Болат Теміржанұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жігер Махмудұлы бастаған ауданның бір топ атқамінер азаматтары өңір жаршысына айналған аймақтық және аудандық басылымдарға қолдау білдіріп, «Қазпошта» торабы аудандық бөлімшесінің қызметкерлері жаңа 2018 жылға жазылуды осы жерден бастап кетті.

ANU_1560

Шара соңында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы ауданда алғашқы болып жазылып отырған аудан әкімінің орынбасары Өркен Сержанұлына облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» және аудандық «Серпер» газеттерінің №1, Болат Теміржанұлына №2, Жігер Махмудұлына №3 жазылушы түбіртегін табыстады. Ал, жергілікті өнерпаздар Әсел Аманқұлова, Байтанат Әділбек, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияның күйшісі Құттыгерей Дүйсеев, танымал әнші-термеші Манарбек Дәулетов пен Нұрболат Исаев өз өнерлерін ортаға салды.

ANU_1422

ANU_1284

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз