«Кітап-fest» оқырманға жол тартты (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

KITAP FEST 1 den 138 Білім

Atr. kz / 15 – ақпан.  Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде  «Кітап-fest» жобасын іске қосты.  

Білім ордасының фойесінде оқырман мәдениетін дамытуға арналған ата-аналарға кеңестер, әдебиеттер, оқушылар қолымен жасалған кәдесыйлар мен тәттілер жәрмеңкесі өтті. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы оқыту мен тәрбиелеуге арналған үздік 16 кітаптың (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) мазмұнын түрлі форматта көрермендерге ұсынды.

KITAP FEST 1 den 53

 «Бұған дейін оқушылар «Кітап қаланы аралайды» науқанымен көпшілік жиналатын аялдамалар мен қоғамдық көліктерді аралады. Жас зияткерлер атыраулық тұрғындарға кітапты жүктеп алудың электрондық мекен-жайы көрсетілген ақпараттық қағаздарды үлестірді. Балалар халық арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау мен дамыту жұмыстарын жүргізе отырып, өздеріне жүктелген кітапты басынан аяғына дейін оқыды. Нәтижесінде олар бүгінгі шарада оның мазмұнына байланысты түйген ойларын  суреттер,  қолөнер бұйымдарын жасаумен, тәтті тағамдар әзірлеумен ұсынды. Бір айға жалғасқан жобада ата-аналар мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнады. Ата-аналар педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдерге тереңнен үңілді. Балалар кітап авторларымен де байланыс орнатты. Бұл жоба 16 кітап шеңберінде қалып қоймай, алдағы уақытта да жалғасады» деді мектеп директоры Айдарбек Айтбөкешов.

Белгіленген кітаптардың мазмұнын талқылау бойынша оқырмандар кеші білім ордасында үш күнге созылуда. Алғашқы күнде мемлекет және қоғам қайраткері Ділда Матайқызының «Ұрпағым, саған айтам» кітабы аясындағы кездесу мектеп кітапханасында ұйымдастырылды. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп, ақын, «Шабыт» фестивалінің лауреаты Әлия Дәулетбаева қатысып, шығарманы кеңірек талқылады. Сондай-ақ, бұл күні  жазушы Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты», Санжар Кәрімбайдың «Мен өмірге ғашықпын», Юлия Гиппенрейтердің «Общаться с ребенком. Как?», Ольга Громованың «Сахарный ребенок»  кітаптарын жалпыхалықтық оқу болды.

KITAP FEST 1 den 60

Нұршат СҰЛТАНҚЫЗЫ, ата-ана:

Біз баламызбен бірлесіп Людмила Петрановскаяның  «Если с ребенком трудно» кітабын оқыдық. Әрбір отбасында орын алатын бала тәрбиесіндегі мәселелерді алдын алуда бұл шығарманың маңызы зор. Бала болашағының жарқын болуы үшін әрбір ата-ана да ізденіс үстінде болуы тиіс. Заман ағымына сай болып жатқан жаңалықтарды жедел меңгеріп, оны балаға үйретуде біздің де біліміміз қалыс қалмауы тиіс.

KITAP FEST 1 den 62
KITAP FEST 1 den 63
KITAP FEST 1 den 66
KITAP FEST 1 den 67
KITAP FEST 1 den 69
KITAP FEST 1 den 85
KITAP FEST 1 den 90
KITAP FEST 1 den 91
KITAP FEST 1 den 138
KITAP FEST 1 den 146
KITAP FEST 1 den 148
KITAP FEST 1 den 153
KITAP FEST 1 den 112

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА,

Фото – Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз-қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз