Жаңалықтар
Жалпыға бірдей декларациялаудың кезекті кезеңі басталды
Жалпыға бірдей декларациялау елімізде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастау алды. Биыл жалпыға бірдей декларациялаудың кезекті кезеңі басталды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндетті. Жеке тұлғалардың активтері мен міндеттеме туралы декларациясында (250.00 нысанды) төмендегідей мәліметтер көрсетілуі тиіс:
Декларацияда шетелдегі мынадай активтерді:
- Жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін;
- Көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелерді;
- Әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді;
- ҚР тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
- Шетел банкіндегі банктік шоттардағы барлық банктік салым бойынша жиынтық сомасы 1000 АЕК (3 450 000) асатын ақшаны көрсету керек.
Сондай-ақ декларацияда Қазақстандағы немесе шетелдегі мынадай мәліметтерді көрсету қажет: - Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды,
- Бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдарын;
- Цифрлық активтерді;
- Инвестициялық алтынды;
- Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерін;
- 10 000 АЕК-ке дейін (34 500 000), оның ішінде банк ұяшықтарындағы қолма-қол ақшаны;
- Жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын көрсету керек.
- Қалауы бойынша құны 1000 АЕК (3 450 000) асатын кез келген мүлікті- мәдени құндылықтарды, қымбат заттарды, антиквариатты, биологиялық активтерді көрсетуге болады. Бірақ мұндай тәуелсіз бағалаушыдан 2023 жылғы 31 желтоқсанда дейін бағалау қажет.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық
түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
Аида ЖАНТУРИНА,
Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы