Жарнама
Жаңалықтар

Жалғансайда қауіп сейілді

Жалғансай ауылында су жарған бөгет 23 мамыр сағат 04.20 шамасында толықтай бекітілді. Қазір ауылда қауіптің сейілуіне байланысты Жалғансайдан Махамбетке эвакуацияланған тұрғындар өз үйлеріне қайтарылуда, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

-Жалғансай ауылында 08 сағат 00 минуттағы ахуал тұрақты, ауылдық округте қауіптің сейілуіне байланысты Д.Төленов атындағы орта мектебінде орналасқан Жалғансай ауылының 143 тұрғынын өз үйлеріне қайта көшіру жұмыстары жүргізілуде, — дейді штаб өкілдері.

Сондай ақ, туыстарына орналасқан 46 адамға ауылға қауіп жоқ екендігі хабарланып, үйлеріне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, тұрғындарды қайта эвакуациялау жұмыстарына жалпы 2 автобус, 6 газель автокөліктері жұмылдырылуда.

Бөгет қосымша нығайтылуда. Тұрғын үйлер мен нысандарды су басу орын алған жоқ. Зардап шеккендер тіркелмеді.

Қазір Махамбет ауданында су деңгейі — 1020 см.

Еске сала кетелік, 22 мамыр, 23.41 — де Жалғансай ауылына кіреберіс тас жолына жақын маңдағы бөгет жарылды. Салдарынан елдімекенге қарай су таралғанын хабарлаған едік.

Оқиға орнында жағдайды реттеу бойынша іс-қимылдарды Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев жүргізді.

Елдімекенге тасқын қаупі төнуіне байланысты, Махамбет ауылына Жалғансай ауылына 154 адам эвакуацияланды.
Д.Төленов атындағы орта мектебіне 143 адам орналастырылды, қалған өз қалауымен 46 адам туыстарының үйіне жеткізілді.

Сумен шайылған бөгетті күштер мен құралдар және ауыл тұрғындары бірігіп 04 сағат 20 минутта толықтай қалыпқа келтірді.

Тұрғын үйлер мен обьектілерді су басу орын алған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Электр желісі ажыратылған жоқ.
Қазіргі уақытта қалыпқа келтірілген бөгетті қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнындағы жұмыстарға 842 қызметкер, 84 техника, 21 қайық жұмылдырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button