Ауыл медицинасының ахуалы қандай?

20ceshen min Жаңалықтар

Елімізде ауыл медицинасының өркендеуіне айрықша көңіл бөлінуде. Өйткені халықтың басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан.

А у ы л т ұ р ғ ы н д а р ы ү ш і н ди агностика және емдеу шаралары әлі толық қолжетімді емес. Кейде қарапайым дәрі-дәрмектің де табылмай қалатын кезі болады. Сол себепті ауыл медицинасында шешімін күткен өзге мәселелер де жетіп-артылады. Исатай аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Нұргүл Кабулованың айтуынша, бүгінде мұнайлы ауданның медицина саласында 27 білікті дәрігер м е н 1 8 7 іскер медбике қызмет көрсетуде. Ауданда осы салаға қатысты материалдық-техникалық база толық жарақталып, барлық ауылда медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында дәрігер мен медбике тұрғындар денсаулығын қадағалап отыр.

 – Қазір аудан медицинасының дамуы жаман емес. Мекемелердің к ө п ш і л і г і қ ы з м е т к е қ а ж е т т і қ ұ р а л – ж а бд ы қ т а рм е н тол ы қ т а й қ а м т а м а с ы з е т і л г е н . С о ң ғ ы үлгідегі аппараттар да көбеюде. Былтыр ауданымызға жылжымалы медициналық кешен жеткізілді. Арнайы жабдықталған көлік ауылаймақтарды аралап, осы арқылы білікті мамандар тұрғындардың денсаулығын жіті тексеріп отыр. Дәрігерлер жұртшылық сұранысына ие осынау медициналық бақылауды Томан елді мекенінен бастап, әрі қарай Х.Ерғалиев, Тұщықұдық, Жанбай, Нарын, Исатай, Забурын с е к і л д і ау ы л д а р д ы а р а л а й д ы . Тұрғылықты халықты рентген аппаратына түсіреді, скринингтен өткізеді. Бұл құрамда терапевт және кардиолог дәрігерлер де бол а д ы . О с ы л а й ш а , т ұ р ғ ы н д а р ғ а алысқа бармай-ақ барлық қажетін ау ы л д а н т а б у ы н а , е м д е л у і н е жағдай жасалған, – деді Нұргүл Измаилқызы.

Ауданда әйелдердің сүт безі ауруының алдын-алу мақсатында п а й д а л а н ы л ат ы н ж ы л ж ы м а л ы маммографиялық аппарат бар екен. Былтыр жұртшылық игілігі үшін жаңа үлгідегі УЗИ және рентген аппараттары да алынған. 2019 жылы Томан ауылында медициналық пункт, Нарын ауылында фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды. Келешекте Аққыстаудағы «Өркен» шағынауданында жаңа үлгідегі медициналық пункт ашу жоспарлануда.

– Қазір ауданымызда эндокринолог, инфекционист, невролог, рентгенолог мамандары жетіспейді. Бұл жағдай жастардың ауылдық жерлерде тұрақтамауынан болып отыр.  Дегенмен өз мамандығына адал болып, шалғай жерде қызмет етуге бел буып келгендер де бар. Мәселен, жуырда ауданымызға Нұр-Сұлтан қаласынан тәжірибелі гинеколог әйел адам қызметке келді. Өкінішке қарай, ана мен бала мәселесінде ауд а н ы м ы з д а о л қ ы л ы қ т а р к ө п жіберілуде. Ана өлімінің тіркелуі осы сөзімізге дәлел, – деді аурухана директоры.

Былтыр ауданда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 5 мобильдік топ құрылған. Е м д еу м е ке м е л е р і н е 3 жасанды тыныс алу аппараты (ИВЛ) алынған. Оның екеуі стационарлық тәсілмен пайдаланылса, біреуін портативті жағдайда қолдануға болады. Қазір амбулаториялық ем алып жүрген 20 науқастың 5-уі бала. Ал, стационарлық бөлімге түскен жалғыз науқас Атырау қаласына ем алуға жіберілген.

– Пандемияның таралуына тосқауыл болатын себептің бірі вакцинациялау екені белгілі. Алайда, екпе егу көрсеткіші жағынан аудан соңғы орындардың бірінде. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен, халықтың екпе салдыру орындарына келуі сирек. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асырып жатырмыз. Бүгінге дейін аудан бойынша екпенің І компонентін 1325 адам салдырса, ІІ компоненті 670 тұрғынға егілді, – деді Нұргүл Кабулова.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз