Жарнама
Жаңалықтар

Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғибрат Мырзағали «Жылдың үздік ауыл әкімі» атанды

Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының мұрындық болуымен өткен республикалық байқауда Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғибрат Мырзағали І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып, ауылды дамытуда атқарған көп жылғы еңбегі үшін оған «ҚР үздік ауыл әкімі» төсбелгісі мен куәлігі табысталды. Аталған марапат атқарған жұмыстардың көрсеткіші негізінде бағаланып отыр.

Ғ.Мырзағали әкім болып іске кіріскен сәттен бастап халықпен етене араласып, ауылдың әлеуметтік және экономикалық дамуына бар күшін салып келеді. Ол Жалғансай ауылындағы «2 G» форматтағы байланыс жүйесін «3 G» форматына көшіріліп, байланыстың жақсаруына жұмыстанған. Сондай-ақ, Ж.Жабаев және М.Қырымкулова көшелеріндегі 730,35 метр жазғы су құбырына жөндеу жұмыстарының жүргізіліп, оған қоса жалғансайлықтарға Атырау қаласына бару үшін «Атырау – Сарайшық – Жалғансай» бағытында жолаушылар тасымалдайтын маршруттың шығуын ұйымдастырған. Сонымен қатар бүгінде «Жаңа» мөлтек ауданға электр желілері және көше жарығы бағаналарын орнату жұмыстары басталды. Жаяу жүргіншілер жолымен қоса ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары да қолға алынды.

-Мен Қазақ мемлекеттік заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірдім. Алғашқы еңбек жолымды Құрманғазы аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман болып бастадым. Кейінгі еңбек жолымда Махамбет ауданы прокурорының көмекшісі, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі, Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Махамбет ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы қызметтерін атқардым. 2020 жылдың сәуір айынан бастап Жалғансай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.

Бұл байқаудың басты мақсаты — мемлекеттік қызметте кәсіби іскерлік танытып, елдік істерде шашау шығармай лайықты қызмет атқарып жүрген ауыл әкімдерінің еңбегін қоғамға кеңінен насихаттау. Осы орайда, жастарға үлгі етудің озық үлгісін көрсеткен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Менің алған марапатым — Махамбет ауданының барлық мемлекеттік қызметкерлерінің абыройы,- деді Ғ.Мырзағали.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button