Атырауда суға кете жаздаған 8 жасар бала құтқарылды

source Жаңалықтар

«Оқиға 9 мамыр күні Атырау қаласында орын алған» деп хабарлайды Atr.kz

Бірнеше бала Жайық өзеніне шомылған. Осы кезде бір баланың суға батып бара жатқанын көріп қалған қала тұрғыны еш ойланбастан сәбиді құтқарып қалған.

Бұл туралы Ракуша ауылынан жедел жәрдем стансасына шалынған қоңыраудан соң белгілі болды.

«Оқиға орнына жедел көмек көрсетуші дәрігер мамандар барған уақытта 2013 жылғы сәбидің жағдайы ауыр болған. Алғашқы медициналық көмектен соң, науқас бірден Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда суға кете жаздаған балаға жан-жақты медициналық көмек көрсетілуде» деп нақтылады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Еске сала кетелік, жыл сайын әлемде суға кету салдарынан балалар мен 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 175 мың өлім жағдайы тіркеліп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз