Жалаң қылышымен танкіге шапқан…
Аtr.kz/19 сәуір, 2020 жыл. Кезінде айтылмаған, бірақ, қазір белгілі болып отырған жайлар бойынша, 1942 жылғы көктемгі ұрыстарда Харьков түбінде жүздеген мың кеңестік жауынгер қырылыпты. Соның ішінде 106-шы Қазақ ұлттық кавалерия дивизиясы түгелімен жойылған. Алайда, осы құрамаға қатысты ақтаңдақтар әлі де ашылмаған.
Рас, ресми түрде бұл құраманың ұрыс қимылдары жөнінде еш жерде жазылмаған. Билік мұны халықтан жасырды. Әйтсе де, сол сұрапылға қатысқан басқа әскери бөлімдердің жауынгерлері неміс танкілеріне қарсы жалаң қылышпен шапқан жаужүрек жандар туралы өзара айтып жүрген. Сол құрама қазақ атты әскерлері еді. Кейін мұрағаттардан кейбір құжаттар да табылды.
Дивизия 1942 жылғы 9 мамырда жасақталыпты және Харков түбіндегі Савинцы темір жол стансасына жеткізілген. Құрама Ақмоладан сол жылғы 28 сәуірде шығып, 12 мамырда межелі жеріне келген. Бұл дәйектерді де жүйеге келтірген жөн. Әйтпесе, 28 сәуірде жолға шығып кеткен дивизия қалай 9 мамырда жасақталады? Әлде жол үстінде толықты ма?
Атты әскерлер сапында 4091 адам, қару-жарақтан 102 винтовка, 68 миномет пен 3100 қылыш бар еді. Көріп отырғаныңыздай, 400 кісіде бір мылтық болған ғой. Қылыш та жетіспеген. Кеңестік қолбасшылар сол күйінде ұрысқа салып жіберген. Дивизия негізінен Ақмола, Петропавловск, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының жігіттерінен құралған.
Тарихтан белгілі, Харков түбіндегі 1942 жылғы мамырдағы шабуылдан соң кеңестік үш армия толық қоршауда қалып, одан әрі қарсылығын тоқтатқан. Сол кезде Бас штабты басқарған А.Василевский мұндай қатерді ескерткен-ді, бірақ, ешкім құлақ аспады. Кейін Сталин бұл сәтсіздікке маршал Тимошенконы, генерал Баграмянды және Әскери кеңес мүшесі Хрущевті кінәлады. «Егер осы апат жөнінде бүкіл елге айтсақ, онда халықтың сендерге не істейтінін болжау қиын» деген Жоғары Бас қолбасшы.
Сірә, қазақ жауынгерлері қоршаудағы армияларға көмекке жұмылдырылған болса керек. Бес қаруы сай әскер немістердің жойқын соққысына төтеп бере алмай жатқанда жалаң қылышты жігіттер не істеуші еді? Қазақтарды қанды қасапқа салып жіберген ғой. Кейін неміс генералдары мен жергілікті жұрттың айтуынша, ұрыс даласы кеңес солдаттарының өлігіне толған. Қолқаны қабар көңірсіген иіс пен ауру тарауы қаупінен сескенген немістер бұл жерге ұшақтардан дәрі сепкен.
Бүгінде сол шайқаста қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің сүйектері Красноград қаласы маңынан әлі де табылып жатыр. Олардың соңғы ұрысы жөнінде дерек жоқ. Мұны да қалпына келтірген жөн. Рас, украиндық ізшілдер көмегімен кейбір жай анықталды. «Феникс-К» отрядының мүшелері жылқы қаңқаларымен қатар адам денелерін қазып алған. Жергілікті зоотехник аттардың бәкене бойлы азиялық нан түскен бойда ұрысқа салса, киім ауыстыруға уақыт қайда? Әлде кеңестік қолбасшылар ет секілді туралуға бара жатқандарға мұны қажет етпеді ме?
Қайткенде де, бұйрыққа бағынған қазақ жігіттері танкілерге қарсы шапқан. Бірақ, жалаң қылышпен не істей алады? Көп шығынға ұшырап, кейін шегінген. Желкелеген немістер оларды тік жарқабақты ойпатқа тықсырған. Аласа аттар иелерін жоғары алып шыға алмаған. Осы жерде қызыл әскерлер жаппай қырылған. Тірі қалғандары Дулаг-205 лагеріне қамалған. Тұтқыннан аман қалған Мустафа Юлдасов осы 106-шы дивизия құрамында болған.
Ол кейін өздерінде қару-жарақ жетіспегенін және жауынгерлердің бес тәулік бойы ұйықтамағанын айтқан. Іздестіру жұмыстары н ә т и ж е с і н д е Х а р ь к о в облысының Красноград ауданы маңындағы бауырластар бейітінен және ұрыс даласынан 200 адамның аты-жөні анықталған. Егер о баста дивизияда төрт мыңнан аса атты әскер болғанын айтсақ, әлі де талай боздақтың тағдыры беймәлім. Елеусіз қалған ерлер көп.
А р м и я г е н е р а л ы С.Штеменконың «Бас штаб соғыс жылдарында» атты кітабында маршал Буденныйдың атты әскер құру жөнінде бастама көтергені және бастапқы уақытта осындай бірнеше құрама болғаны айтылады. Сірә, Азамат соғысының ардагері өткен күндердің елесінен шыға алмаса керек. Техникалар теке- тіресінде жылқы мінген жауынгерлерге жол жоқ екендігін түйсінбеген.
Ақмолада жасақталған 106-шы Қазақ ұлттық атты әскерлер дивизиясы да сондай дүрмекпен өмірге келген ғой. Әттең, ғұмыры қысқа болған. Алғашқы айқаста-ақ түгелімен жер жастанған. Олардың өліміне қару- жарақсыз қыршын жігіттерді аузынан от шашқан, темірмен құрсанған танкілерге қарсы айдап салған сол кездегі кеңестік қолбасшылар кінәлі.
Ал, бүгінгі тарихшылардың міндеті – сол сұрапылды қалпына келтіріп, қазақ сарбаздарының ерлігін дәріптеу. Қаламгерлеріміз шұрайлы шығармасын арнап, көркем фильм түсірсе де артық емес. Қайткенде де, бұл оқиға да – біздің талайлы тағдырымыздың бір бөлшегі. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ақтарылар ақтаңдақтар қатарында айтылар ащы шындық.
Меңдібай СҮМЕСІНОВ