ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРДЕЛЕУ: Медициналық МАСКАның МАШАҚАТы

vpvpav COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/19 сәуір, 2020 жыл. Елімізде дәріханаларда сатылатын медициналық бетпердеге шекті баға қойылды. Ол 118 теңге деп белгіленіп отыр. Бүгінде осы бұйрықтың орында­лысы қалай? Бағаны бақылау кімнің құзырында? Біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.

 Іздегенімізді таппадық…

Журналистік зерделеуге арқау болған осынау сауалдармен ал­дымен облыс орталығындағы бірнеше дәріхананы араладық. Өкі н ішке қарай, бі рде- бір дәріханадан бір реттік қолданылатын медициналық б е т п е р д е н і т а п п а д ы қ . Бірқатарында респираторлық түрі бар. Ол 1200 теңгеден саты­луда. Алайда, біздің іздегеніміз ол емес еді. Бұған дейін 200-300 теңгеден сатылған бір реттік және үш қабатты бетперде­лер дәріханаларда сатылушы еді. Сала министрі бұйрық шығарып, баршаға қолжетімді баға белгіленген сәтте, бұл бұйымдарға тапшылық қайта басталғандай. Мәселенің мәнісі неде?

– Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика, Сауда және инте­грация министрлерінің бетпер­де мәселесінде 6 сәуірден бастап бірлескен бұйрығына қол қойылғаны рас. Яғни, «медициналық бетперделердің шекті бағасын бекіту тура­лы» бұйрығының І тармағына сәйкес, халыққа медициналық бетперделерді бөлшек сауда­да өткізу кезінде шекті баға 118 теңгеден аспауы тиіс. Бұл сома тек қана бір реттік және үш қабатты бетперделер үшін белгіленген екенін ескерген жөн. Көп реттік қолданатын респи­раторлы түрімен шатастыруға болмайды. Ол 1200 теңгеден сатылуда. Мұның облыстағы дәріханалардың қорында қазір 4038 данасы бар, – дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сара Оразова.

100 мың дана қайда?

Алғашында вирус тарай бастағанда аймақта медициналық бетперделерге тапшылық мәселесі орын алды. Бұл ретте құзырлы орган өкілдері «Мед­фарм импорт» ЖШС 100 мың дана көп рет қолданатын бетпер­де алу үшін «ҚазТехИндустрия» компаниясымен келісім- шарт жасағанын жариялады. Құзырлы орган наурыз айында облысқа бетперденің 50 мың данасы әкелінетінін айтып, бұл жұмыстарда келісім-шарт қайта жасақталғанын жеткізген еді. Соның негізінде ай соңына жақын облысқа бір реттік пай­даланатын 10 мың дана бетперде жеткізілді. Бүгінде қорда оның қаншасы қалды?

– Қазір біздің департамент дәріханалардағы осы қорғаныш құралдарына күн сайын мо­ниторинг жүргізіп отыр. На­урыз айында тасымалданған 10 мың дана өнімнің бұл түрінің әрқайсысы 110 теңгеден саты­лып кетті. Бүгінде қорда оның ешбірі қалмады. Ендігі уақытта Шымкент қаласынан көп реттік қолданатын 40 мың бетперде жеткізілуі қажет. Ал, 118 теңгеден сатылатын бұл бұйымдардың қай уақытта өңірге тасымалданаты­нын нақты айта алмаймыз. Бұл жұмыс тікелей кәсіпкерлердің құзыретіне кіреді. Алайда, оның бағасы шекті сомадан жоғары сатылса, жауапты тұлғаға әкімшілік шара қолданылатынын баса айтқым келеді, – деді Сара Ырзағалиқызы.

Оның айтуын­ша, коронавирус індетімен күресте емдеу және алдын алу мекемелерінде бір және көп реттік қолданатын б е т п е р д е л е р ж е т к і л і к т і . Яғни, мұндағы дәрігерлер мен мейірбикелер және санитарлық қызметкерлерді бұл жабдықпен қамтуда ешбір мәселе жоқ. Алайда, тұрғындар шекті баға қойылған бір реттік медициналық бетпердені таппай дал болғандары рас.

– Бұған дейін Вокзал маңы ықшамауданындағы бірнеше және Алмагүл мөлтекауданындағы «Семейное здоровье» дәріханаларынан бір реттік қолданатын бетперделерді 200 теңгеге сатып алып жүрдім. Бұларды әрбір екі-үш сағат сайын ауыстырып отыру қажет. Бұл ретте күніне бірнешесін сатып алуға тура келеді. Министрдің бұйрығын естіп, бетперде бағасы төмендеді деп қуанғанымыз

 бекер екен. Құны төмендемек түгілі, қазір мүлдем жоқ. Іздеп жүргеніме екі-үш күн болды, – дейді Атырау қаласының тұрғыны Ербол Уахитов.

Өз қалтасын ойлағандар бар

Зерделеу барысында Аван­гард мөлтекауданындағы «Гип­пократ» дәріханасынан орта жастағы әйелді кездестірдік. Ол дәріханалардағы осы­нау жағдайды пайдаланып өзі қолдан тіккен көп реттік қолданатын бетперделердің бір данасын 500 теңгеден сатуда.

 Нұрсая ықшамауданындағы «Ярмарка» супермаркетіндегі «Зеленая аптекасына» бардық. Біздің жоқ ізденімізді байқаған еден жуушы супермаркеттің кассасына сілтеді. Кассирге жақындағанымыз сол еді, қолдан тігілген бетперде мен қолғапты 400 теңгеден ұсынды. Осылайша, қоғамдағы жағдайды пайдала­нып, осы секілді өз қалтасын қомпайтуды ойлағандардың да аз еместігіне көз жетті.

Әлемде орын алған панде­мия елімізде бастау алған сәттен-ақ облыс әкімі Махам­бет Досмұхамбетов аймақта тұрғындарды бетпердемен қамту мәселесі орын алмау қажеттігін қатаң тапсырған болатын. Бұл ретте өзгеге жақсылық ойлап, қайырымдылық жасаудан алды­на жан салмайтын еріктілер де табылып, оны қолдан тігу ісіне кірісе кетті. Олар бүгінге дейін осынау игі іске белсене атсалы­суда. Соның бірі – «Азаматтық орталық» жанынан құрылған еріктілер штабының басшысы Әйгерім Досқалиева.

– Жұқпалы дерттің зардабы ауыр. Оны жақсы түсеніміз. Сондықтан, дәріханалардағы бетперде тапшылығына бай­ланысты қол қусырып қарап отыруға болмайды. Осы орайда бұл іске 22 кәсіпкер құлшыныс білдірді. Атырау қаласында еріктілермен бірге бүгінге дейін барлығы 14 мыңнан аса бірнеше рет қолданатын бетперде тігілді. Бұл жұмыстарға «Іскер ана» жобасына қатысып, сертификат алған, үйде тігіншілікпен айна­лысатындар белсене қатысуда. Соның ішінде жоба қатысушысы Әйгерім Бексұлтанова және Атырау қаласының тұрғындары Әйгерім Сәулен, Айнұр Әнесті ерекше атағым келеді. Біз бастапқыда медициналық бетпердені әлеуметтік осал топтар үшін дайындадық. Кейін өзге де тұрғындар сатып алуға ниет білдірді. Тігілген өнімнің он пайыздан астамы аз қамтылған отбасыларға тегін таратылды. Қалғаны халыққа қолжетімді бағамен сатылу­да. Түскен қаражат әрине қайырымдылық шаралары­на жұмсалуда. Қазір де бет­пердеге тапсырыс берушілер аз емес. Сондай-ақ, мұндай игі іс аудандарда да жоғары деңгейде ұйымдастырылуда, – дейді Әйгерім Жәрдемқызы.

 Қалай десек те, қазіргі жағдайға байланысты дерттен қорғанудың сақтық шараларында бетперде тағу міндеттеліп, бұл әркімге қажет дүниеге айналды. Сондықтан, өнімді шығару мәселесі де Үкіметтің қатаң бақылауына алынғанын ұмытпау қажет. Бұл туралы жуырда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда күніне 365 мың бетперде шығарылатынын, алдағы уақытта оны бір миллионға жеткізу жоспарланғанын да айтты. Бұл жұмыстың барлығы бүгінгідей мәселенің алдын алудың жолы деп бағамдадық. Ендеше, бетперде өндіруде көзделген осынау жоспар жүйелі шешімін тапса игі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз