Жарнама
Жаңалықтар

Жайықтың жайы: бүгінгі болжам қандай?

«Росгидрометтің» болжамына сәйкес, Жайық өзенінің Орал-Атырау өңіріндегі бөлігінде өзен деңгейі 540-600 сантиметрге дейін көтеріледі деп күтілуде. Атырау қаласы үшін қауіпті деңгей 550 сантиметр болып есептеледі. Осы көрсеткішке жеткенде Жайық өзені арнасынан шығып, елді мекендерге қауіп төнуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК жетекші инженер-гидрологы Ақмарал Мизамғалиеваның айтуынша, 5 сәуірдегі мәліметте Батыс Қазақстан облысындағы Январцово гидропосты өзен деңгейі 14 сантиметрге көтерілгенін байқаған. Сондай-ақ гидропосттардың бақылауы су деңгейінің Индерде – 32 см, Махамбетте – 2 см, Атырауда 4см көтерілгенін көрсетіп отыр.

Құрманғазы ауданындағы Шортанбай гидропостының мәліметінше, Қиғаш өзеніндегі су деңгейі 2 сантиметрге көтерілген. Мамандардың айтуынша, деңгей су ішіндегі бағаналар арқылы өлшенеді.

Сондай-ақ Орынбор облысының Иректі су қоймасынан Жайыққа жіберіліп жатқан судың ағыны бүгін 5 сәуір күні 2890 м3/с өсті.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button