Жарнама
Жаңалықтар

Жайық жағалауындағы жұмыс неге тоқтады?

Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл. Орталық көпір маңында жағалаудағы жұмыстар тоқтатылды. Оған атыраулық экологтардың құрылыс жүргізуші серіктестіктің үстінен сотқа шағымдануы себеп болды.

«Тексеріс кезінде «КА-СТРОЙ ЛТД» ЖШС-нің Жайық жағасына кесектас салып жатқаны анықталды. Оны салу мемлекеттік экологиялық сараптамада қарастырылмағаны анықталды» деді облыстық мемлекеттік экологиялық инспектор Есімжан Өтеғалиев. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотта Атырау облысы бойынша экология департаментінің талап арызы қаралды.

Мұнда «КА-СТРОЙ ЛТД» ЖШСнің Жайық өзені жағасына кесектас салу жұмыстарына уақытша тыйым салу сұралған болатын. «Талап қою арызында талап қоюшы жауапкердің қызметін Жайық өзені суының тіреу қабырғаларын нығайту мақсатында Жайық өзені жағасына кесектас салу жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін тыйым салуды сұраған.

Экологиялық Кодекстің 36-бабының 1-тармағында қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылатыны көзделген» делінген соттың хабарламасында. Талап арыз сот шешімімен қанағаттандырылды.

Осының нәтижесінде «КА-СТРОЙ ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзірге тыйым салынып отыр. Дегенмен, бұл шешіммен серіктестік келіспей, аппеляциялық шағым түсіруде.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button